IMAGE Bvlgari Octo Finissimo

Bvlgari-дің Watches & Wonders көрмесінде басты жәдігері болып Octo Finissimo ультражұқа сағаттары ұсынылды

Bvlgari сағат өнері әлемінің басты оқиғасы Watches & Wonders халықаралық көрмесіне биыл алғаш рет қатысып отыр. Жыл сайын Женева қаласында өтетін бұл іс-шарада жетекші брендтер эксклюзивті топтамалары мен сағат өндірісі әлеміндегі инновациялық үлгілерді паш етеді.

Bvlgari-дің басты тұсаукесері жұқалығы бойынша қатарынан он рет әлемдік рекорд орнатқан Octo Finissimo Ultra Tourbillon ультражұқа сағаты болды. Қалыңдығы небары 1,85 мм сағат скелетондалған (ішкі құрылымы көрінетін) турбийонмен жабдықталған. Octo Finissimo Ultra-ның жаңа конструкциясы микроқұм титанмен апталып, вольфрам карбиді және өңделген болат сияқты металдардан жасалған. Антрацит түсті сағат родиймен қапталған тілдерімен және минималистік дизайндағы ультражұқа титан белдікшесімен ерекшеленеді. 

Tatler Asia
IMAGE Octo Finissimo Ultra Tourbillon | Bvlgari
Tatler Asia

Сондай-ақ брендтің әйгілі рептилиясының жаңа интерпретациясы Serpenti топтамасы ұсынылған. Бұл желіге бағалы алтыннан жасалған және гауһар тастармен көмкерілген Aeterna, Tubogas және басқа да жаңартылған модельдер кірді.

Tatler Asia
IMAGE Bvlgari
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Bvlgari компаниясының бас директоры Жан-Кристоф Бабен: «Біз Watches & Wonders көрмесіне алғаш рет қосылып, зергерлік және сағат үйі ретіндегі басты ерекшеліктерімізді көрсететін кеңістікте таныстырылғанымызға қуаныштымыз. Соңғы онжылдықта біз швейцариялық жаңашылдықты италиялық дизайнмен үйлестіре отырып, сағат индустриясында өз орнымызды нығайттық», – деп атап өтті. 

Темы