Hublot әлемдегі алғашқы көптүсті керамикадан жасалған сағаттарды ұсынды

Жаңашылдығымен әйгілі Hublot брендінің осы жолғы басты жетістіктерінің бірі қанық түсті керамиканы өз күшімен өндіру болды. Биыл ақпанда керамика әлемінің «қасиетті Граалі» атанған көптүсті керамиканы паш етіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Hublot шеберлерін «уақыт алхимиктері» деп атайтыны бекер болмаса керек. Мұндай материал жасау үшін тек пигмент қабаттарын біріктіру жеткіліксіз. Ең алдымен, керамиканың қасиеттерін терең түсіну қажет. Әр пигмент күйдіру және қалыптастыру процесінде әртүрлі температураға төтеп береді. Негізгі қиындық – әрдайым мінсіз тепе-теңдікті таба алу. Сондықтан осы технология негізінде Hublot жаңа материалын Magic Ceramic деп атады.

Көптүсті керамика алғаш рет Big Bang Unico Magic Ceramic шектеулі сериясында ұсынылып отыр (Big Bang моделі 2025 жылы 20 жылдығын атап өтеді – Tatler). Күңгірт сұр безельмен үйлескен ашық көк сақиналар сағат корпусына поп-арт пен абстракционизм элементтері бар өнер туындысының көрінісін береді. Модель flyback функциясы бар UNICO автоматты хронограф механизмімен жабдықталған. Коллекция тек 20 дана болып шығады.

Tatler Asia
IMAGE Hublot Big Bang Unico Magic Ceramic
Tatler Asia

Hublot зертханасында көптүсті керамиканы жасап шығаруға он жылдан астам уақыт жұмсалды. Hublot-ның зерттеу және даму жөніндегі директоры Матиас Бютте Magic Ceramic туралы: «Бұл – техникалық жетістік. Бұл материал Hublot рухын бейнелейді, ғылым, алхимия және батылдықтың таза үйлесімін көрсетеді. Hublot-ның ғылыми көзқарасы мен жаңашылдыққа деген ұмтылысы әлемді таңғалдырудан еш жалықпайды», – деп атап өтті.