Watches and Wonders көрмесі барысында ұсынылған Cartier Tank à Guichets сағатының жаңа нұсқалары туралы әңгімелейміз.
1–7 сәуір аралығында Женевада Watches and Wonders көрмесі өтті. Онда Cartier Tank à Guichets сағатының екі жаңа нұсқасы таныстырылды. Tank à Guichets моделінің циферблаты толық жабылған, уақыт тек екі кішкентай саңылау арқылы көрсетіледі. Жаңа Tank à Guichets нұсқалары қолмен бұралатын 9755 MC механизмімен жабдықталған. Бұрамалы басы 12-нің тұсында орналасқан. Жылтыр циферблаты мен күңгірт корпусы арасындағы контраст сағаттың силуэтін айшықтай түседі.
Сағаттың корпусы сары және қызғылт алтыннан не платинадан жасалған. Қолтырауын терісінен жасалған бауы сәйкесінше жасыл, қою сұр және күрең түстерге боялған. Циферблаттағы символдар баумен түстес.
Cондай-ақ сағаттың платинадан жасалған нұсқасы бар. Бауы қара түсті. Ерекшелігі сол, циферблаттағы уақыт көрсететін саңылаулары көлденең орналасқан. Бұл модель небәрі 200 дана болып шығарылды.



