IMAGE Гинза | Фото: Станислав Марголин unsplash.com

Жақын арада Жапонияға баруды жоспарлап жүрсіз бе? Сирек сағаттартар ізденісіне беріліп, елдің түкпір-түкпірінде кездесетін сағат жасау өнерінің шеберлігіне тамсанып, тарихына кенеліңіз

Ауа райы салқындай бастаған кезде Жапонияның жыл мезгіліне сәйкес табиғаты мен жайлы атмосферада ауқаттану мүмкіндігіне және танымал сауда орындары бар аудандарына қызығушылық танытатын туристер саны арта түседі. Әр қала – тарихи маңызы бар белгілі орындар мен туристер біле бермейтін, алайда жергілікті тұрғындар жиі баратын «інжу-маржандар» үйлесімі деуге болады. Сондықтан, дұрыс ойластырылған гид сізге міндетті түрде ұнайтын орындарды табуға көмектеседі. 

Жапония - сағаттарға құмар адамдар үшін таптырмас ел. Кез-келген көшеден беделді дербес шеберлер мен жергілікті өндірушілерден бастап швейцариялық сағат индустриясының үздік өкілдері секілді танымал брендтерді таба аласыз. 

Саяхатыңызды жеңілдету үшін аймақтар бойынша топтастырылған көруге тұрарлық орындар тізімін ұсынамыз:

 

 

Токио

Tatler Asia
IMAGE Гиндзедегі "ROLEX" бутигі | Фото: ginza.jp

Адамдарға толы мегаполис сағат әуесқойлары үшін Мекке, ал оның жүрегі – Гинза, жоғары деңгейлі бутиктер шоғырланған танымал аймақ. Сіз күнді Rolex, Omega, Patek Philippe секілді люкс санатты дүкендерді аралап өткеніңізді байқамай қалуыңыз  да мүмкін. 

Seiko House сағат мұнарасы алдында суретке түсуді және флагмандық дүкенде жапон брендінің алуан түрлі коллекцияларын зерттеуді ұмытпаңыз. Сағат өнеріне құштарлығыңызды одан әрі қанағаттандыру үшін Гинзадағы Сейко тарихи уақыт өлшеуіш құралдары мұражайына баруды ұсынамыз.

Егер қалауыңыз эклектика стилі болса, Акихабару немесе Харадзюку аудандарына аттаныңыз. Бұл аймақтар электроника, көше сәні және жаңа не винтажды сағаттарға толы дүкендердің көптігімен танымал. 

Мориока

Токионың солтүстігінде, Мориока қаласында таңғаларлық Grand Seiko Shizukuishi студиясы орналасқан. 9S механикалық үлгілері дәл осы жерде такумидің (шебердің) өз  қолымен жиналады. 

Шалғайдағы Иватэ префектурасы орманында орналасқан Seiko Epson фабрикасына жету қиындығына қарамастан,  бұл гидпен бірге жапон сағаттарын жасау процесін өз көзіңізбен көрудің бірегей мүмкіндігі. Онлайн брондау қиындық тудыруы мүмкін, бірнеше апта не тіпті айлар бұрын қамданғаныңыз жөн. 

Нагано

Tatler Asia
IMAGE Накамачи сауда көшесі, Нагано | Фото: snowmonkeyresorts.com

Орталық Жапонияға барып қалсаңыз, Наганодағы Мацумото сағаттар мұражайына барыңыз. Мұражайдың үш қабаты Жапония мен басқа да мемлекет сағаттарының ауқымды коллекциясына толы, оның ішінде сирек үлгілер де бар. Сонымен қатар, мұражай интерактивті экспозициялар және ересектер мен балаларға арналған білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Осака

Tatler Asia
IMAGE Дотонбори, Осака | Фото: Рамон Каги unsplash.com

Жапонияның көлемі бойынша екінші үлкен қаласы Токиоға ұқсайды, тек бұл жер тыныш, жайбарақат.  Бұл – дәстүр мен қазіргі заман тоғысқан өзіндік жарқын сағат сахнасы бар аудан. Сіз көптеген сәнді брендтер мен жапондық дербес өндірушілер орналасқан Дотонбори аймағына міндетті түрде қайта ораласыз.

Осы жерден серуендеп дәстүрлі ескі базарлары және заманауи сауда орталықтары бар әйгілі Намбаға жете аласыз. Бұл жерде сирек сағаттарды саудалап, әріқарай Grand Front Osaka және HEP FIVE сауда орталықтарындағы элиталы бутиктер үшін Умеда аймағына пойызбен аттануыңызға болады. 

Мак Фабелланың осы мақаласы алғаш рет 2024 жылдың 15 қазанында ағылшын тілінде жарияланған, Tatler KZ үшін қазақ тіліне 2024 жылдың 4 желтоқсанында аударып, жаңартқан – Гүлзат Бейс.

Темы