IMAGE Вачерон Константин Қытай зодиак жылының жылан жинағы туралы аңыз

Жыланның әсем әрі ирек силуэті авторларды жарқын шығармашылық интерпретация жасауға жиі итермелейді.

Vacheron Constantin Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды métiers d’art коллекциясы аясындағы The Legend of the Chinese Zodiac сағаттарын шығарып, қарсы алады. Сағаттар сол жылға тиесілі белгіге сай әрленеді. Биылғы символ — жылан.

Циферблаттың қақ ортасындағы жартасқа жайғасқан кобра көздің жауын алады. Алқызыл не ақ алтыннан жасалған бұл жылан бейнесін салуға үш күн кетеді екен. Текстурасы мен бедерін жақсарту үшін фигура миниатюралы көркемсурет әдісімен көркемделеді.

Фоны grand feu эмалінен, ал өсімдік жабыны көне женевалық әдіске сай флюспен қапталған, мөлдір эмальді қолдана отырып жасалған. Ұнтақ түріндегі эмаль циферблат бетіне себіліп, 820-250 Цельсий градусқа дейін қызған пеште күйдіріледі. Толыққанды түстер спектрін шығару үшін бірнеше күйдіру циклі қажет. Циферблаттың ортасынан шетіне қарай созылатын, әсем градиенттің пайда болуына әкелетін бұл процесс шеберлердің дағдыларын айқындайды.

Сағаттың жүрегі — автоматты түрде жүретін 2460 G4 механизмі. Модель сағатты, минутты және күнді төрт түрлі қиық арқылы айтады. Сағат алқызыл алтыннан не платинадан жасалған, 40 миллиметрлік корпуста қолжетімді. Саны шектеулі: әр нұсқа 25 данадан шықты.

Tatler Asia
IMAGE Vacheron Constantin The Legend of the Chinese Zodiac Year of the Snake watch (алқызыл алтын)
Tatler Asia
IMAGE Vacheron Constantin The Legend of the Chinese Zodiac Year of the Snake watch (платина)

IWC Schaffhausen Portofino Automatic Moon Phase 37 Year of the Snake моделі айрықша мәні бар маусымды 12-ге нұсқайтын тұсында Ай фазалары индикаторы орналасқан, қою қызыл түсті циферблатымен айқындайды. Мерекелік атмосфераны алтын жалатылған тілдер мен белгілермен үйлесетін алтын Ай мен жұлдыздар толықтырады. Жақұт әйнектен жасалған артқы қақпағы жылан бейнесімен әрленген — IWC 32800 мануфактуралық калибрінің айналмалы роторына ойып салынған бейне. Сағат тот баспайтын болаттан жасалған, 37 миллиметрлік корпуспен қапталып, бұзау терісінен тігілген, қара түсті баумен толықтырылған.

Tatler Asia
IMAGE IWC Schaffhausen Portofino Automatic Moon Phase 37 Year of the Snake

Әйгілі Corum Golden Bridge моделінің Serpent атты жаңартылған нұсқасы шықты. Модельдің бірегей интерпретациясы батыл дизайнымен, сондай-ақ инновациясымен ерекшеленген коллекцияның мұрасын жалғастырады. Ел назарында 190-нан астам компоненттен тұратын, «багет» типті сызықтық механизмі. Бұл жолы айналасында — қолдан сызылған, әсем жылан бейнесі. Алтыннан жасалған әрі қолдан сызылған фоны джунгли атмосферасынан шабыт ала отырып жасалған.

Tatler Asia
IMAGE Corum Golden Bridge “Serpent”

Dior Grand Soir Year of the Snake — бар болғаны 38 дана болып шыққан шеберлік пен әсемдік бейнесі. Диаметрі 36 миллиметрді құрайтын, жылтыратылған тот баспайтын болаттан жасаған корпусы алқызыл алтыннан жасалған безельмен әрленген. Безельдің өзі 52 гауһар таспен безендірілген. Циферблаттың ортасында алқызыл алтыннан жасалған, жылтылдаған көбелектердің, жапырақтардың, гүлдердің арасымен жорғалаған, сондай-ақ әйгілі Dior Toile de Jouy өрнегінен шабыт ала отырып жасалған седеп жылан бейнеленген. Образды 18 гауһар таспен әрленген, көк түсті сәтен бау аяқтайды. Мұның бәрі бұл сағат моделін коллекционер арманы әрі Dior шеберлігінің жарқын символына айналдырады.

Tatler Asia
IMAGE Dior Grand Soir Year of the Snake

Jaeger-LeCoultre ұсынған Reverso Tribute Enamel ‘Snake’ моделінде қара түсті grand feu эмалінен жасалған фонның бетіндегі, алтын бұлттардың арасынан шыққан жылан бейнеленген. Бейне шеберден асқан дәлдік қажет ететін модельді нақыштау тәсілімен салынған. Мұндай әдіс жылан бейнесіне дәстүрлі тәсілмен жасауға келмейтін тереңдік пен көлем дарытқаны анық. Модель Қытай жыл белгілеріне арналған коллекция аясында шығарылған үшінші сағат болды. 2024 жылғы символ айдаһар болса, 2022 жылғысы жолбарыс болды.

Брайан Чонг пен Сим Вэй Бунның бұл мақаласы ағылшын тілінде 2024 жылдың 17 желтоқсанында жарияланды. Егор Ходаков оны 2025 жылдың 2 қаңтарында Tatler KZ-ке арнап орыс тіліне аударып, жаңартты.

Tatler Asia
IMAGE Jaeger-LeCoultre Reverso Tribute Enamel ‘Snake’

Темы