Victoria & Albert музейі Cartier-нің патшайымдар мен Голливуд жұлдыздарына арнап жасаған әшекейлер көрмесін өткізеді
Лондонның Виктория және Альберт музейі (V&A) биыл нағыз мереке ұйымдастырып отыр – Cartier-нің сән-салтанаты мен шеберлігін паш ететін соңғы 30 жылдағы ең ірі көрмені ашады. 12 сәуір мен 16 қараша аралығында өтетін шарада 350-ден астам зергерлік бұйым қойылады.
1847 жылы ашылған Cartier зергерлік үйінің әр туындысы – патшайымдардың салтанатты кештері, Голливуд жұлдыздарының махаббат хикаялары және корольдік дәстүрлердің бір бөлшегі. Көрменің ең жарқын экспонаттарының қатарында:
- Грейс Келлидің аты аңызға айналған сақинасы – Князь IIІ Реньенің сүйіктісіне ұсынған асыл тасты әшекейі;
- Манчестер диадемасы – 1903 жылы Манчестер герцогинясына арнайы жасалған өнер туындысы;
- Маргарет ханшаның раушан танамоншағы – Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның таққа отыру рәсімінде тағылған нәзік әшекей;
- Пантера коллекциясы – Cartier-нің ең танымал символына айналған аң стиліндегі әшекейлер;
- Crash сағаты – 1967 жылы Лондондағы Cartier шеберлері жасаған сюрреалистік дизайндағы ерекше аксессуар;
- ІІ Елизаветаның Williamson танамоншағы – әлемдегі ең сирек кездесетін қызғылт гауһар тасы бар зергерлік туынды;
- Скролл диадемасы – 1902 жылы жасалып, ІІ Елизаветаның коронациясында тағылған, ал 2016 жылы Рианнаның W Magazine журналының мұқабасында көрініс тапқан.
Қайда және қашан?
Cartier көрмесі V&A музейінің The Sainsbury Gallery залында, Оңтүстік Кенсингтонда 2025 жылғы 12 сәуір мен 16 қараша аралығында өтеді.
Билеттерді қайдан алуға болады?
V&A музейі Cartier көрмесіне арналған шектеулі билеттерді сатылымға шығарды. Бағасы адам басына £27 басталады. Билетті алдын ала vam.ac.uk сайтынан брондауға болады.