Hublot-ның Big Bang моделінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кеш туралы әңгімелейміз.
Сағат жасау өнері әлемінде аты аңызға айналған санаулы ғана модель бар. Солардың бірі – Hublot Big Bang. Биыл оның жарық көргеніне 20 жыл болды. 2005 жылы шыққан Big Bang нарықты дүр сілкіндіріп, заманауи сағат жасау ісінің жаңа дәуірін бастады. Уақыт өте келе мануфактура жаңа техникалық және эстетикалық шешімдерді қолға алып, мүмкіндікке қатысты шектеулерді жоя бастады. Big Bang – жай ғана танымал модель емес, брендтің басты нышаны. Сондықтан да оның мерейтойы ерекше аталып өтті.
2025 жылдың 3 сәуірінде Hublot осы маңызды жайтты атап өтіп, Watches and Wonders көрмесінің ең жарқын кешін ұйымдастырды. Бұл кешке сағат жасау өнері, спорт, гастрономия және музыка әлемдерінің элитасы жиналды.

