IMAGE Фото: tudorwatch.com

Бақытыңызға кешігіп қалмаңыз – 2024 жылға таңдалған ерекше сағат брентерінің үздік бестігі

2024 жылы кейбір сағат брендтері классикалық қағидаларға берік болса, басқалары пішіндер мен материалдарына қарай емін-еркін экспериментке бой алдырған. Біздің тізімдегі сағаттар – уақытты көрсетіп емес, оған мән бере түсетін бес түрлі ерекше модель болмақ

Toledano & Chan B/1: Сәулет минимализмі

B/1 моделі – сағат кейпіндегі архитектуралық брутализмінің жарқын көрінісі. Toledano & Chan дуэтінің дебюттік дизайны қарапайымдылық пен көрнекі пішіндерді бағалайтындарға арналып жасалған. Тот баспайтын болат корпус қазіргі заманғы сәулет элементтерін еске түсіретіндей. Ал лазуриттен жасалған циферблат бұйымға өзінше бір қайталанбас тереңдік сыйлайды. Негізінде, Sellita SW100 автоматты механизмі иесін кешіктірмейтін, еш үзіліп, тоқтамайтын дәлдігімен ерекшеленеді.

Бұл модель кімге арналған? Сыр-сымбат пен зияткер стильдің мінсіз үйлесімі бойыңыздан көрініс тапсын десеңіз, бұл модель сіз үшін. Олар сөзсіз-ақ сөйлеп, абыройыңыздан хабар беріп тұрады. Нәзік эстетикасы кім көрінгенді болмасы, екінші рет қаратуға мәжбүр етеді.

 

Tatler Asia
IMAGE Фото: toledanoandchan.com

Tudor Black Bay Chrono “Pink”: Таптауырындарды бұз!

Tudor-дың қызғылт түсі – бұл сүйкімділік туралы емес, батылдық жайлы. Олардың жаңа хронографы пастельді-қызғылт циферблатты контрастты қара түсті санағыштармен біріктіріп, 41 мм диаметрі бар массивті корпусқа орналастырылған. Ішінде MT5813 таңбалы мануфактурлық калибрі жасырылған, 70 сағаттық қуат қоры бар. Бұл модель өр рух пен технократияның шыңынан үзіліп түскен тәтті жеміс іспетті. 

Бұл модель кімге арналған? Tudor Black Bay Chrono “Pink” – стереотиптерге қарсы шығудан қорықпайтындарға арналған.

Tatler Asia
IMAGE Фото: tudorwatch.com
Tatler Asia
IMAGE Фото: tudorwatch.com

Patek Philippe Golden Ellipse: Мінсіздік үйлесімі

1968 жылы дебют жасаған сәттен бастап, Golden Ellipse моделі әлі күнге дейін талғампаздықтың эталоны болып саналады. Алтын пропорцияға негізделген овальды корпус бөліністер арасындағы тепе-теңдікті ерекше көрсетеді. Ал қара-көк циферблаттағы алтын өрнектер мен жұп-жұқа сағат тілдері тұп-тура өнер туындысы секілді. 240-калибрлі микророторлы механизмі Patek Philippe брендіне лайық дәлдікті қамтамасыз етеді.

Бұл модель кімге арналған? Бұл сағаттар дәстүрді бағалап, өткенге құрметпен қарайтын білгір жандарға арналған.

Tatler Asia
IMAGE Фото: patek.com

Piaget Polo 79: Заманауи нақыштағы ретро

Культтік Polo моделі жаңа нұсқасы парадоксті түрде 1970-жылдарға қайта оралтады. Алтыннан жасалған корпус, циферблаттағы көлденең салынған оюлы жолақтар және біріктірілген білезік сымбаттылық пен ұқыптылықты айшықтайды. Автоматты 1110P механизмі де мінсіз жұмыс істейді.

Бұл модель кімге арналған? Бұл сағаттар ретро стильді заманауи нақышта көргісі келетіндерге арналған. Studio 54 дәуірін сағынатындар үшін керемет таңдау.

 

Tatler Asia
IMAGE Фото: piaget.com
Tatler Asia

MM6 x Timex: Уақыт формуласы

MM6 Maison Margiela стилі мен Timex сапасымен үндескенде, әрине, қарабайырлықты ұмытып, бірегейлікке қадам басасыз. Олардың тандемі сақина түрінде сағаттар ұсынады. Несі бар, жаңаша көзқарас деп осыны айтады. Оларды саусағыңызға тағып, не кулон ретінде алқаңыздың бір бөлшегіне айналдыра аласыз. Бұл қалыптасқан қағидаларға тың дүниені үйлестіре білу шеберлігі деп аталады.

Бұл модель кімге арналған? Бұл сағат өлшеуші құрал ғана емес, сіздің болмысыңыздан тікелей хабар беретін айшықты нышан. Сіздің уақытыңыз тек сізге тиесілі болсын десеңіз, бұл бұйым сіз үшін!

 

Tatler Asia
IMAGE Фото: timex.com
Tatler Asia

Темы