Құнды қағаздардан гөрі сағаттарға ақша салу мәселесін қарастырамыз
Жаңа ғасыр — саналы тұтыну дәуірі. Адамдар ешкімге зиян келтірмей өмір сүру, әр секундты пайдалы өткізу туралы көбірек ойлай бастады. Бұл тренд олардың сауда жасау әдеттерінде де көрініс табуда. Қазір бейберекет тұтыну мағыналы шопингке айналды — енді сатып алған өнімдеріңіз сіздің идеологиялық және саяси ұстанымдарыңызды көрсетуі немесе, ең болмағанда, әлеуетті құндылыққа ие болуы қажет. Көптеген тауарлар құнды қағаздарға ұқсай бастады. Адамдарды жоғары ROI қызықтырады — тіпті Lego да инвестицияға айналды. Соңғы бірнеше жылда кроссовкалар, сөмкелер және Pokemon карталары сияқты тауарлардың бағасының өзгеру динамикасын қадағалайтын StockX платформасы танымал болды. Дәл бейнелеу өнері және қымбат автомобильдер әлемі сияқты. Бұл үрдіс аясында сағаттар ерекше көзге түседі. Бұған дейін қолданыста болған сағат сатып алу ұят болса, қазір бұл — табысты бизнес. Негізгі клиенттер — жас миллениалдар мен Gen-Z өкілдері.
Бірегей сағаттар бірнеше есе қымбат сатылған аукциондар туралы жаңалықтар жиі шығады. Мысалы, 2024 жылдың маусымында Сильвестр Сталлонеге тиесілі Patek Philippe Grandmaster Chime сағаты Sotheby’s аукционында 5,4 миллион долларға — бөлшек сауда бағасынан бірнеше миллион долларға қымбатырақ сатылды. Актердің инвестициясы ақталды деуге болады, лақап аты «Слай» (ағылшынша Sly — «айлакер») болуы бекер емес десе керек. Дегенмен Patek Philippe компаниясының бас директоры Тьерри Штерн мұндай қайта сату тәсілдеріне риза емес: «Дәл осы модельді ұзақ жылдар бойы күтіп, оның осылай сатылғанын көрген жандарға қатысты, әділетсіз жағдай», – дейді ол.
Төменде — Sotheby’s аукционында 2024 жылы сатылған ең қымбат сағаттардың тізімі.
2022 жылға дейін люкс сағаттар нарығы қарқынды түрде өскен енді. Алайда пандемиядан кейінгі тұрақсыздық индустрияға қатты әсер етті. Watches of Switzerland Group және Richemont акциялары тұрақты түрде төмендеп келеді. Дегенмен қайталама нарыққа түк болмағандай. Мұның себебі жас миллениалдар мен Gen-Z өкілдерінің сауда жасау әдеттерінде жатыр. BCG есебіне сәйкес, люкс сағаттардың негізгі тұтынушысы — жас, табысы жоғары адам. Бұрын қайталама нарық дегенде ойға күмән тудыратын әрі бейресми саудагерлер келсе, қазір интернеттің, қолжетімді ақпараттың және тексеру мүмкіндіктерінің арқасында бұл үрдіс өзгеріп келеді. Chrono24, Bob’s Watches, Watchbox және Watchfinder сияқты қолданыста болған сағат сататын платформалар жастар арасында өте танымал — оларды сәнмен қатар сағаттардың инвестициялық әлеуеті қызықтырады.