Швейцариялық шеберлер әлемді уақыттың кемелділігі үшін төлеуге қалай үйретті

Барлық тарихты кейде бос уақыт үшін күрес ретінде қарастыруға болады. Айшылық алыс жерлерге, көзді ашып жұмғанша жететін халдеміз. Азық іздеп, шалғайларға шықпақ түгілі, не ішем, не жеймін деп уайымдауды ұмытып бара жатырмыз. Ата-бабаларымыздың заманымен салыстырғанда жүз, тіпті мың есе азырақ уақыт жұмсап жүрміз. Десе де, уақыт, шіркін, жетпей кететін сияқты. Бірақ дәл осы қарбалас, дәл осы ізденіс адамзат ақыл-ойының ең күрделі туындыларының бірі – сағаттың пайда болуына сеп болғандай. 

Уақытты бағындыру

Күн сағат, су сағат (клепсидра), от сағат немесе құм сағат сынды ежелгі уақыт өлшеу құралдарының ішінде қазір тек құм сағаттары қолданыста қалған. Уақытты шынжырлап, оған салмақ іліп, өз бақылауына алу әрекетін Орта ғасырдың соңы мен Қайта өрлеу дәуірінің ғалым-механиктері қолға алды. Олардың механизмдері бос жүктердің салмағымен қозғалып, тәулігіне немесе аптасына бір рет қайта құрылып, кісіні қара терге салатын. Сағат мұнараларында символикалық бейнелер қара көрсетіп, күн бірде шығып, бірде батып, музыка шырқалатын. Олардың көпқабатты тілдері мен сондағы болып жатқан қозғалыстар кейде халық үшін театр, кино һәм цирк қызметін атқаратын.

Уақыт бұрын ұжымдық қызмет атқарып, бүкіл әлеуметтік өмірдің ритмін анықтап отыратын. Сағаттардың көрсеткіштеріне бағынып, солардың талабына сәйкес өмір сүріп, қоғамның бір бөлігіндей болу жазылмаған ережедей еді. Сағаттармен адамдар емес, қалалар сәнделетін еді: олар патша сарайларының немесе ғибадатханалардың мұнарасына сән салтанатымен жоғары көтеріліп қойылатын. Әрине, осы сағаттарды бақылау шіркеудің мойнында болып, еңбек пен мінәжат уақыттарын басқарып отыратын. Уақыттың «бұйрықтарын» қоңыраулар жеткізетін. 

Сағаттардың қалаларға енуі, олардың түрі мен дыбысы адам өміріне жаңа өлшем қосты. Уақытты тұрақты сезіну күндермен емес, сағаттармен, тіпті минуттармен рахаттануға мүмкіндік сыйлады.

Әрине, шіркеудің мұнараларынан сағаттар биржалар мен вокзалдардың мұнараларына өткенде, уақыт поэзиядан прозаға ауысты. Бұдан былай «күш шығатын уақыт» емес, поезддердің жүру уақыттары, кассалар ашылатын сәттер мен ақшаның қозғалысы секілді күнделікті өмірдің қарабайыр өлшемдері көрсетілетін болды.

Бірақ бұған жету үшін механикалық уақыт өлшеу жүйесін әлдеқайда дәлдеу керек еді. Бұл міндетті әртүрлі елдер мен қалалардың ғалымдары бірлесіп те, жеке дара да шешті. Жария түрде, жасырын түрде зерттеулер жүргізіп бақты. Олар негізінен терең ғылыммен айналысса да, осы зерттеулер үшін қажетті механизмдерді, әсіресе сағаттарды жетілдіріп отырды. Швейцариялық Йост Бурги (1552–1632) бірінші болып секундты өлшеп тауып, онысымен аспан денелерінің қозғалысын сипаттауға мүмкіндік алды. Италиялық Галилео Галилей (1564–1642) алғашқы сағат механизмін ойлап тауып, маятник пайдалану арқылы оның жұмысын жетілдірді. Неміс ғалымы Петер Генлайн (1485–1542) еркін салмақ күшін сағаттық серіппеге алмастырып, гирьсіз, тасымалдауға және өзімен бірге алып жүруге болатын сағатты жасап шығарды. Ақырында, голландиялық Христиан Гюйгенс (1629–1695) маятник орнына балансирі бар серіппені ойлап тауып, қазіргі замандағы сағат механизмінің нобайын жасап айды аспаннан бір-ақ шығарды. Себебі дәл осы жүйені бүгінде барлық қол сағаттар мен қалта сағаттарында қолданып келеміз. 

Сұлулық пен шеберлік уақыты

Бір кездері сағат жасаушыларды бұйымның сұлулығы мен күрделі болмысы қызықтыра бастады. Мысалы, швейцариялық Пьер Жаке-Дро (1721–1790) өзінің андроидтарымен, робот сияқты автоматондарымен атақты болды. Ол өз өнертабысымен әлемді аралап, Еуропа мен Азия монархтарының сарайларында болып, оларды механикалық «балаларының» қалай жұмыс істейтіндігімен таңғалдырды.

Tatler Asia

Ол жасаған автоматондардың ішіндегі ең әйгілі үшеуі бүгінде Невшатель музейінде сақталған. Олардың алғашқысы – «Суретші», ол Людовик XV-тің портретін немесе Туту атты иттің суретін салып, кейде оларды шатастырып, күлкіге қарық қылатын. Екіншісі – «Жазушы», қауырсынмен тұтас сөйлемдерді жаза алатын. Және үшіншісі – «Музыкант бикеш», клавесинде ойнап, терең тыныс алғандай кейіп танытатын.

Жаке-Дро Қытаймен сауда жасап, сол жаққа сағат механизмдерімен жабдықталған құстарды сататын. Соңғы Цин әулетінің императорлары оның туындыларын коллекциялаған-ды. Дәл осы ажиотаж тірі бұлбұл мен механикалық бұлбұл бәсекеге түсетін Андерсеннің «Бұлбұл» ертегісінде де көрініс тапқан. 

Ал Еуропа ақсүйектерінің аңызға айналған сағат жеткізушісі Луи-Абрахам Бреге (1747–1823) Людовиктердің билігі кезінде де, реставрациядан кейін де, Наполеон императоры және оны жеңген Александр I үшін де түгел қызмет еткен еді. Брегенің шеберлігі, дәлірек айтқанда, оның отбасының ұмтылыстары арқасында ескі әлемдегі ең күрделі әрі қымбат сағаттар – Marie Antoinette дүниеге келді.

Tatler Asia
IMAGE Луи-Авраам Брегуэ (1747–1823) | wikipedia.com

Henry Graves Supercomplication атты сағаттарымен түбінде Генри Грейвз жеңіске жетті. Өз заманының ең күрделі механикалық құрылғысы болып қана қоймай, осы бір мәртебесін қазіргі уақытқа дейін талай жыл сақтап та келді. Алайда жақында, бұл мәртебені Уильям Беркли иемденді. Оның сұрауы бойынша женевалық Vacheron Constantin маркасы бір келідей тартатын The Berkley Grand Complication сағаттарын жасап шығарды. Осылайша сағаттар тек уақыт өлшеу құралы емес, сән-салтанат пен шеберліктің сынына айналды.

 

Tatler Asia
IMAGE Breguet Marie Antoinette | breguet.com

Henry Graves Supercomplication атты сағаттарымен түбінде Генри Грейвз жеңіске жетті. Өз заманының ең күрделі механикалық құрылғысы болып қана қоймай, осы бір мәртебесін қазіргі уақытқа дейін талай жыл сақтап та келді. Алайда жақында, бұл мәртебені Уильям Беркли иемденді. Оның сұрауы бойынша женевалық Vacheron Constantin маркасы бір келідей тартатын The Berkley Grand Complication сағаттарын жасап шығарды. Осылайша сағаттар тек уақыт өлшеу құралы емес, сән-салтанат пен шеберліктің сынына айналды.

Tatler Asia
IMAGE Henry Graves Supercomplication | patek.com
Tatler Asia
IMAGE The Berkley Grand Complication | vacheron-constantin.com

Швейцарияның бейтарап мәртебесі тек мемлекетте ғана емес, оның сағаттарында да болды десек өтірік емес. Сонау зұлмат соғыс жылдары да, қырғи-қабақ текетірес кездерінде де бұл елдің брендтерін жауласып жатқан қос тараптың қолынан да байқауға болатын. Элиталық бұйымдарды аспандағы астронавттар да, сын сорпасын сапырған Олимпиада төрешілері де түгел тағатын. Құдды бір швейцариялық сағаттар бар нәрсенің өлшемін шығарып тұрғандай көрінетін.

1969 жылы нарыққа алғашқы кварцтық механизммен жабдықталған жапон сағаттары шыққанда да, швейцариялықтар жеңілген жоқ. Олар уақыт өлшеу өнерінің шыңына шығып, әлемге сағатты тек уақытты білу үшін емес, шебердің өнер туындысы ретінде қолданамыз деді. Бүгінгі күні минуттарды телефон да, тоңазытқыш пен микротолқынды пеш те санауға қабілетті. Соның кесірінен уақыт бұрынғыдай сұсты кейпінен айырылып, асүйдегі дедлайндар тізімін бақылайтын есепшіге айналды.

Швейцариялық сағат шеберлерінің тамаша туындылары бізге уақыттың киелі һәм ғарыштық сипатын сездіреді. Олар мұны нәзіктік пен ностальгиямен жасайды. Егер сағаттар кезінде өлімнен қорқуды еске салып тұрса, қазіргі таңда бұл дүниеге әзілмей қарайтын сағаттар тықылдап тұр. Мысалы, Константин Чайкин мен Louis Erard былтыр бірлесе жасаған Time-Eater сағаттары аты қорқынышты болғанмен, сүп сүйкімді қолға тағатын «құбыжыққа» айналған.

Темы