Ив Пиаже мен Энди Уорхолдың достығына арналған Piaget – Andy Warhol сағаттар топтамасы туралы баяндаймыз.
Ив Пиаже – сәнді сағаттар мен зергерлік бұйымдар брендінің негізін қалаған әулеттің төртінші ұрпағы. 1960 жылдардың басында отбасылық кәсіпке аяқ басып, компанияға жаңа дем әкеліп, «қауымдастық» түсінігін енгізді. Саяхат, раушан гүлдері мен атқа мінуге жаны құштар Ив сұлулықпен қатар «үлкен отбасы» ұғымын аса бағалайтын.
Ол өз тұтынушыларымен тек жақсы қарым-қатынас құрумен шектелмей, баурап алар мінезімен де олардың шынайы досына айнала білді. Танымал актрисалар, суретшілер және іскер тұлғалармен тығыз достық қарым-қатынас орнатты. «Клиент» пен «дос» ұғымдары арасындағы шекара жойылып, әртүрлі ортадан шыққан адамдарды біріктіретін қоғамның негізі қаланды. Олардың өмір жолына қарап, өзге жағдайда, бәлкім, олар бір-бірімен кездеспес те еді деген ойға қаласыз.
Өнер мен мәдени зерттеулердің гүлденіп жатқан кезеңінде пайда болған Piaget қоғамы шығармашылықтың сан саласының бір арнаға тоғысқан ортасына айналды.
Оның ықпалы Еуропадан АҚШ-қа дейін де тарап жатты. 1970-80 жылдары бұл ерекше ортаға швейцариялық актриса Урсула Андресс пен ағылшын актері Роджер Мур сияқты атақты адамдар қосылды. Ив Пиаже дәстүрлі таптауырындарды бұзып, суретшілер мен бренд клиенттерінің еркін араласуына мүмкіндік беретін қауымдастық құруды көздеді. Осындай инклюзия ұстанымы достық қарым-қатынастарды нығайтып, Капри мен Сен-Тропе сияқты көздің жауын алатын орындарда сән-салтанаты жарасқан шаралардың ұйымдастырылуына жол ашты.

Piaget қоғамын қарапайым әлеуметтік клуб қана емес, брендтің шеберлік пен өнерге деген адалдығының көрінісі десе де болды. Оның алғашқы туындылары Голливуд жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлерінің назарын аударып, оны байлық пен жоғары талғамның символына айналдырды. Ивтің клиенттерімен жеке қарым-қатынасы оларды дос етіп, брендке тән отбасы шырайын қалыптастырды. Және бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр.
Ив Пиаже мен америкалық суретші Энди Уорхолдың арасындағы ерекше достық 1979 жылы басталды. Айрықша поп-арт туындылары мен жоғары қоғаммен байланыстарымен танымал Уорхол мен Ив бір-бірін жақсы түсініп, ортақ құндылықтар тапқан деседі. Екеуінің достығы өнер, мәдениет және Нью-Йорктегі Studio 54, Париждегі Chez Régine секілді әйгілі орындарда өткен эксклюзивті іс-шараларда ортақ сапарлар мен әсерлі кездесулер арқылы нығая түскен.
Сондықтан да Уорхолдың Piaget сағаттарына деген қызығушылығы бекерден емес. 1970-жылдардың ортасында ол маркадан гальванизацияланған антрацит циферблаты бар алтыннан жасалған инновациялық сағат сатып алды. Бұл дарабоз туынды суретшілер, ойшылдар мен шығармашыл жандарға арналған. Әрі Пиаженің дизайн экспериментіне деген батыл көзқарасының белгісі ретінде көптің есінде қалды. Жылдар өте Уорхол брендтің бірнеше бұйымын, соның ішінде Beta 21 кварц механизміндегі әйгілі Black Tie сағатын иемденді. Енді Пиаженің Энди Уорхолдың Көркемөнер қорының ресми лицензиясымен жасалған жаңа серіктестігінің арқасында бұл сағат ресми түрде Andy Warhol.