Сақина пішініне негізделген италиялық сәулет өнері: жаңартылған Roberto Coin бұрышының ашылуы
19 желтоқсан күні Saks Fifth Avenue Almaty-да италиялық Roberto Coin зергерлік үйінің жаңартылған бұрышының ашылуы өтті. Жаңа кеңістікте италиялық сәулет өнеріне негізделген ерекше әшекей бұйымдар ұсынылған.
1977 жылы Италияның Виченца қаласында Roberto Coin брендінің негізі қаланды. Бренд атынан 1996 жылы алғашқы Appassionata коллекциясы ұсынылды. Roberto Coin-да дәстүрлі италиялық шеберлік пен заманауи дизайнерлік әдістер астасып жатады. Әр әшекейдің ішкі жағына салынатын миниатюралық лағыл тас бренд бұйымдарының ерекшелігі деуге болады. Шебердің бұл қолтаңбасы бұйым иесіне табыс әкеледі деген наным бар. Сондай-ақ бренд гауһар тасты одан әрі жалтырата түсетін жүз қырлы қылып бедерлеу тәсілімен танымал.
Saks Fifth Avenue Almaty-дағы жаңа Roberto Coin бұрышы — италиялық зергерлік өнерге тәнті болып, ерекше әшекей табуға болатын жер.