IMAGE Instagram @bvlgari

Дамиано Давид халықаралық Bvlgari амбассадоры атанды

«Жаңа әрі батыл дарын» туралы ақпарат брендтің Instagram аккаунтында жарияланды. Өткір көзді, шашы артқа таралған, жейдесінің алдын айқара ашқан Дамиано Serpenti коллекциясын ұсынды. Айтпақшы, кеудесінде коллекцияның символы – жыланның бейнесіндегі татуировка бар. Ақпан айындағы жануар образы Қытай Жаңа жылына орай таңдалды. Басқа зергерлік Үйлердің жылан бейнесі салынған бұйымдарымен де таныс бола отырыңыздар.

Дамиано Давид – Måneskin тобының бұрынғы солисі, Eurovision 2021 байқауының жеңімпазы. Жеңіл блузка, портупея және іш киім киіп көрсеткен өнерімен ел есінде қалған болатын. Қазір жеке мансабымен айналысып жүр. Образы үшін Дамиано классикалық болғанымен, біршама қиқарлы стиль таңдады. Дамианоның даусы мен магнетизмі Bvlgari бас директорын аң-таң еткен көрінеді. «Біз оның үстіне жерлеспіз», – дейді Жан-Кристоф Бабен.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia