IMAGE Суретші: Сұлтан Аршаков

Chopard сағаттары һәм зергерлік бұйымдарының кейінгі үлгілері: су жаңа Ice Cube топтамасының тұсаукесері қалай өтті?

12 желтоқсанда Алматы қаласындағы Esentai Mall-да Chopard бутигінің су жаңа Ice Cube коллекциясының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге Haute Joaillerie Chopard-тың жалғыз данадан шығарылған бірегей бұйымдары да назарға ұсынылды.

1999 жылы Chopard бренді мұз текшелерінің қырларын еске түсіретін безель мен циферблаты бар Ice Cube сағатын шығарған еді. Сол уақыттан бері коллекция жай ғана сағат емес, толыққанды зергерлік бұйымдар топтамасына айналды. Қазіргі таңда коллекцияда этикалық алтыннан жасалған сағаттар, сырғалар, алқалар, кулондар, білезіктер мен сақиналар бар. 

Жаңа Ice Cube сағаттары бастапқы үлгінің дизайнын сақтай отырып, Женевадағы Chopard мұражайында ұсынылған модельдерге негізделіп жасалған. Олар 25 миллиметрлік куб тәрізді корпуспен және «Ашер» кесінділі гауһар тастармен көмкерілген. Ice Cube Secret моделі мұз текшелерінің құрылымын еріксіз еске салады. Бұл сағаттарды жасауға 102 жеке элемент қолданылып, 800 сағаттық уақыт жұмсалған.

Haute Joaillerie шектеулі топтамасы алтыннан жасалған «мұз текшелері» үлгісіндегі чокер және білезікпен толықты. Олардың дизайны қалалық пейзажды еске салып, заманауи әрі талғампаз стильді үйлестіре алған.

Tatler Asia
IMAGE Белла Хадид
Tatler Asia
IMAGE Ice Cube құпия сағаты

Тұсаукесер кештің басты спикері ретінде Chopard PR бөлімінің жетекшісі Летисия Арауджо сөз сөйледі. Ол Ice Cube коллекциясының эволюциясы туралы және брендтің дизайндағы ұстанымдарын: «Ice Cube — жай ғана әшекей емес, минимализм, нәзік сұлулық пен болашақ алдындағы жауапкершіліктің үйлесімі» деп атап өтті. 

Сонымен қатар кеш барысында Chopard-тың жаңа жаһандық елшісі Белла Хадид қатысқан жарнамалық кампания таныстырылды. Шараға дизайнер және суретші Айя Шалқар, актёр Санжар Мәди, инфлюенсер Маржан Маркаметова сияқты танымал тұлғалар қатысты. Қонақтар коллекция бұйымдарын жақынырақ зерттеп, олардың жоғары сапасын бағалауға мүмкіндік алды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 10
Фото 2 из 10
Фото 3 из 10
Фото 4 из 10
Фото 5 из 10
Фото 6 из 10
Фото 7 из 10
Фото 8 из 10
Фото 9 из 10
Фото 10 из 10

Авторы

Фотография  

Султан Арчаков

Темы