Замартас, жақұт, параиба және шпинель асыл тастары культ мәртебеге қалай ие болды
Сирек және әдемі тастар уақыт өте келе әлем халықтарының бағалы бұйымдарына айналды. Асыл тастар құны оның сиректігімен анықталады, ал табиғатта шағылысып жарқыраған мөлдіртастың тартымдылығымен салыстыруға келетін нәрсе аз.
Асыл тастар тарихы
Он мыңдаған жылдар бұрын адамдар тас құралдармен өңдеуге болатын әрі алғашқы қауым коллекционері өзін безендіргісі келетіндей әдемі тастардан моншақтар мен салпыншақтар жасауды үйренді. Жасыл дала шпаты, сарғыш-қоңыр пирофиллит, мөлдір антигорит палеолит дәуірінің зергерлік өнерінде көп қолданылған. Қазіргі таңда олар бағалы зергерлік бұйымдарды жасау үшін қолданылмайды.
Асыл тастар патшасы және неке жүзіктері дәстүрі
Гауһар тастың құндылығы туралы алғашқы жазбалар Ежелгі Үндістаннан табылған, оларды бойтұмар және зұлымдықтан қорғау символы ретінде, сондай-ақ зергерлік бұйымдар үшін қолданған. Жергілікті тұрғындар асыл тастарды күн күркіреп найзағай ойнаған кезде пайда болады деп сенген. Гауһар тастар діни рәсімдерде және зұлым рухтардан құтылу үшін бойтұмар ретінде пайдаланылды.
Тастар патшасының шынайы тарихы орта ғасырдан, яғни тастарды өңдеп үйренгеннен бері басталды: бұған дейін гауһар тастар сирек болса да, құны төмен болған-ды. Алғаш егеу тәсілі тастарды тартымды етіп, табиғи пішінін сақтап отырған. Алмазды жылтыратуға арналған құрылғыны әйгілі фламандтық зергер Луи ван Беркен ойлап тапты. Шамамен осы уақытта асыл тастар романтика символдарына айнала бастады. 1477 жылы Австрия эрцгерцогы Максимилиан қалыңдығына гауһар тасты сақина сыйлады. Бұл – ресми құжаттарда жазылған гауһар тасты сақина сыйлай отырып үйленуге ұсыныс жасау дәстүрінің бастамасы еді.