Талайдың жүрегін жаулаған трансгендер модель әрі TikTok жұлдызы Алекс Консани туралы.
Бірнеше жыл бұрын Алекс Консанидың Pencil skirt or suicide? «тиктогын» көзім шалып қалды. Қарындаш пішінді винтаж белдемше киген ұзын бойлы бойжеткен метроға айқайлап түсіп бара жатты. Мем болған видео. TikTok-тағы видеоларының бәрі тұнып тұрған мем. Кафеде «вайб» ұстайды, пойызда бәрінің көзінше айқайлап ән айтады, концерттің ортасында есіре кетеді. Ол француз тілінде әдейі қате сөйлейді. Алып сөмкесінде вейптен басқа түк те жоқ, ал таңғы асы – dick (ағылшын тілінен аударғанда – ерлердің жыныс мүшесі). Алекс – Париж бен Миланның ең ірі сән көрсетілімдеріне қатысатын супермодель, Jacquemus және Marc Jacobs брендтерінің жарнамалық науқандарының бет-бейнесі, Vogue Italia, V Magazine және басқа да беделді басылымдардың мұқабасына шыққан жан.
Жыл моделі атанған алғашқы трансгендер
Ол төрт жасынан бастап әйелдер киімін киіп, сегіз жасында Алекс есімін таңдайды. Он екі жасында Slay Model Management агенттігімен келісімшартқа отырып, ең жас трансгендер модель атанады. Пандемия кезінде Алекс көңіл көтермек болып, TikTok-қа @CaptinCroook және @Ms.Mawma лақап аттарымен видео жүктей бастайды. 2021 жылы Нью-Йорк қаласына көшіп, IMG Models агенттігіне келеді. Әлеуметтік желілерде миллионға жуық оқырманы бар жұлдызға айналған Алекс көп ұзамай Versace көрсетіліміне қатысады. Өмірінің шешуші сәті дәл осы көрсетілім болды. Алекс бірден университетті тастап, модель болуға бел буады. 2024 жылы Алекс Консани Britain Fashion Awards аясында «Жыл моделі» атағына ие болған алғашқы трансгендер модель атанды.