Дизайнер Глен Мартенстің еңбегі мен Y/Project бренді туралы оқи отырыңыз.

Француздың Y/Project бренді өз жұмысын тоқтататын болды. 2024 жылдың маусым айында брендтің негізін қалаушы Жиль Элалуф өмірден озып, қыркүйекте креативті директор Гленн Мартенс қызметінен кеткен еді. Команда жаңа көшбасшыны таба алмағандықтан, брендтің жабылатыны туралы хабарды әлеуметтік желілерде жариялауға мәжбүр болды.

Гленн Мартенс Y/Project-тің басшылығына 2013 жылы келді. Бұған дейін ол төрт жыл бойы брендті бірге құрған Йохан Серфатидің көмекшісі ретінде қызмет атқарған. Y/Project ерекше коллаборацияларымен есте қалды. Мартенс Jean Paul Gaultier үшін 1995 жылғы «Trompe L’oeil» атты культтік принтті қайта өңдеп, Fila-мен бірге спорттық киімге жаңаша дем берді. Сондай-ақ UGG бренді үшін түрлі үлгідегі теріден аяқ киім жасады. Гленн Мартенс сән әлемінде деконструктивизм бағытын қолдайды. Бұл әдіс Maison Margiela үйінде кең таралған және оның стиль ерекшелігі дизайнерді аталмыш сән үйінің креативті директоры қызметіне лайықты үміткер етеді. Қазіргі таңда Мартенс Diesel брендімен жұмыс істейді.