IMAGE Louis Vuitton

Көптен күткен Louis Vuitton × Murakami коллекциясы наурызда сатылымға шығады

Louis Vuitton суретші Такаси Муракамимен бірге әзірлеген коллекциясының екінші бөлігін ұсынды. Оның өзегі – 2003 жылы пайда болған Cherry Blossom гүлді принті. Ал Зендеяға тағы да науқан бет-бейнесінің рөлі бұйырды. Louis Vuitton × Murakami коллекциясына 40-тан астам жаңа бұйым кірмек. Олардың арасында жаңа сөмке модельдері, платформалы сандал және Courrier Lozine 110 чемоданы бар. Сондай-ақ гүлді принт Spell on You хош иісінің флаконы мен The Ultimate Flacon әйнек күмбезіне түспек. 14 наурыз күні брендтің ресми сайтында Louis Vuitton × Murakami коллекциясына алдын ала тапсырыс қабылдана бастаса, 21 наурыз күні әлемдік сатылымға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Louis Vuitton × Murakami коллаборациясының бірінші бөлігі 2025 жылдың қаңтарында ұсынылды. Коллекцияға кірген көптеген бұйымдар алдын ала тапсырыс беру кезеңінің өзінде сатылып кеткен болатын.