IMAGE Диор

Нағыз must-have!

Біздің редакция да D-Journey сөмкесін Мархаба Сәби шырқағандай «Ұнайды маған» бағанына қосып қойды. Бұл Tatler Kazakhstan-дағы су жаңа айдар екенін ескертеміз. Әрқашан бақылап жүріңіздер!

Ал D-Journey-дің өзіне келер болсақ, кең әрі ыңғайлы кросс-боди сөмке күнделікті серуен мен іскерлік кездесулерге тамаша үйлеседі. Қолыңыз бос, яғни сүйікті кофеңізді ұстауға ыңғайлы, ал ноутбук, косметикалық өнімдер мен журналдың жаңа саны – барлығы түгел Dior сөмкесіне еркін сыйып кетеді.

D-Journey – 2025 жылдың көктем-жаз топтамасының жауһары және терімен жұмыс істеу бойынша шеберліктің тамаша үлгісі. Ол қара, ақ және Mocha Mousse түстерінде ұсынылған. Соңғысы Pantone институтының нұсқасы бойынша жылдың басты реңкі екенін айта кетейік. Брендтің креативті директоры Мария Грация Кьюри сөмкенің ерекше бөлшектері: белдіктегі алтын түсті CD әріптері, былғары бүркеме және пішініне ерекше мән бергенді жөн санайды. Christian Dior Paris жазуы қолдан кіріктірілген, ал силуэті хромды илеуден өткен былғарыда бедерленген.