Pandora махаббаттың ғажайып күшін дәріптейтін «Be Love» атты жаңа кампаниясының бет-бейнесі ретінде Вайнона Райдерді тағайындады
Бұл – махаббаттың әлемді қалай өзгертетінін және сезім білдіру өнерінің сан қырлы тұсын паш ететін ерекше жоба.
Кампанияның жарқын жұлдыздары қатарында Вайнона Райдер, Имани, Виттория Церетти, Мика Арганараз, Карен Эльсон сынды сән әлемінің иконалары бар. Олар өз оқиғалары арқылы махаббаттың өмірді қалай түрлендіретінін көрсетеді.
Вайнона Райдер үшін махаббат – эмпатия мен түсіністік. «Махаббаттың негізі – бір-біріңді шынайы тыңдап, ести білу. Әрбір жағдайға өзгенің көзімен қараумен қоса өзіңді әлдекімнің орнында қоя білу – мен үшін терең махаббаттың көрінісі», – дейді актриса.
Жаңа топтаманың жүрегі – BE LOVE Heart Charm кулоны. Оның сыртына сурет, инициал немесе ерекше белгі оймыштап, бірегей естелікке айналдыруға болады. Сонымен қатар күмістен жасалған, 14 караттық алтынмен апталып, табиғи пішіндегі жүрекпен көмкерілген Essence сақинасы ұсынылады.
Бұл нәзік әрі мәні терең сыйлықтарды тек ғашық жандарға ғана емес, достар мен жақын туыстарға да тарту етуге болады. Себебі шынайы махаббатта шекара жоқ.


Вайнона өзінің алғашқы махаббаты киномен қалай қауышқанын былайша еске алады:
«Бес-алты жастағы кездер балалық шағымдағы ең ғажайып сәттерге толы кезең болды. Анам кинотехник болып жұмыс істейтін. Жеті отбасы бірге тұрған, алып секвойялар қоршаған 380 акр жерге көшіп бардық. Ол жерде үлкен, сиқырлы сарай бар еді. Анам ақ матаны керіп тастап, таныстары арқылы фильмдерді алдырып, табиғат аясында кино көрсететін.
Мен экранға қарай жүгіріп барып, бар күшіммен оған секіретінмін, себебі сол әлемнің ішіне еніп кеткім келетін. Бұл менің өмірімді өзгерткен сәт еді, сол кезде мен кино өнеріне ғашық болдым. Сол үшін рахмет саған, анашым».