IMAGE Bvlgari

Шебер Мэри Катранзудың қолынан шыққан Bvlgari-дің былғарыдан жасалған зергерлік бұйымдар топтамасын ұсынамыз

Bvlgari зергерлік үйі брендтің асыл мұрасынан шабыт алып, күзгі-қысқы маусымға арналған былғары бұйымдар мен әшекейлердің жаңа топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Зергерлік үйінің креативті жетекшісі Мэри Катранзу Bvlgari-дің биік зергерлік дәстүрін былғары өнерімен үндестіре отырып, ең танымал бұйымдарының өрнектерін қайталайтын жаңа сөмкелер топтамасын жасап шығарды.

Жылан жылына орай топтамада Serpenti сериясына арналған жаңа желі ұсынылған. Әйгілі дизайнер Serpenti белгісінің көпқырлы мәнін жаңа бұйымдарда сүйіспеншілікпен бейнеле білді. Serpenti Cuore 1968 сөмкесі – Рим зергерлік үйінің мәңгілік өзгеріс пен құбылуды бейнелейтін символына деген сүйіспеншілігінің белгісі. Жүрекке ұқсас пішіндегі сөмкенің ерекше сызбасы, өзіне баураған жылан бейнесіндегі металл сабымен әрленіп, 1968 жылғы Bvlgari Serpenti Harlequin атақты зергерлік сағатын еске түсіреді. Одан да ажарлы Neige Pavé Crystals атты нұсқасы бар. Қара күдерінен тігілген бұл сөмкеде қолмен бекітілген бес мыңға жуық кристалл найзағайдай жарқырап, көздің жауын алады.

Tatler Asia
IMAGE Bvlgari

Serpentine қатары енді кешкілік шараларға лайықталған жаңа сөмкелермен толығып, кеңейе түсті. Салтанатты шаралар үшін қара күңгірт атластан, ромбыша тігілген трапеция пішіндес, жылан тәрізді қос металл сабымен ерекшеленетін Serpentine Duette сөмкесі таптырмас таңдау болса, сән-салтанатты көйлектермен киюге арналған Calla өрнегімен әсемделген Serpentine Duo атты кішірек нұсқасы нағыз сән үлгісін айшықтай түседі.  

Калла гүлінің бейнесі барша әйелге тән нәзіктіктің белгісі ғана емес, сонымен қатар Divas' Dream Marquise сөмкесінің күмбез тәрізді пішінімен әдемі астасып, сопақша негізі «маркиз» қырлы оюының көркемдігінен жаралған. Нәзіктіктің нышанына айналған бұл бейне Мэри Катранзудың Bvlgari үшін туындыларындағы ең басты элементтердің бірі болып қалыптасты.

Tatler Asia
IMAGE Bvlgari
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Bvlgari
Tatler Asia

Bvlgari Tubogas клатчі шырмалған Tubogas түтіктерінің иірім-иірім сызықтарын қайталайтын металл тұтқасымен және шағылған найзағайдай жарқылдаған циркон тастарымен нақышталған. 1940 жылдардан бастау алған бұл зергерлік әдіс Bvlgari-дің жаңашыл жолының айқын белгісіне айналды.

Соңғы жауһарымыз – Serpenti Pallini сөмкесі, 55 металл бөліктен құралған, әрқайсысы жеті моншақпен әрленген ерекше сабымен көзге түседі.

Мэри Катранзу зергерлік өнер мен былғарыдан жасалған бұйымдарды тамаша үйлестіре отырып, шынымен теңдесіз әсемдік бұйымдар жасай алды.

Tatler Asia
IMAGE Bvlgari
Tatler Asia

Темы