Style|Fashion

Temple of Love: Рик Оуэнс кітап шығармақ

Автор Индира Тлегенова
20.05.2025
rizzoliusa.com
IMAGE rizzoliusa.com

Кітап Рик Оуэнстың отыз жылдық визуал философиясын қамтиды

Шілденің бірі күні Rizzoli Рик Оуэнстың алғашқы сыни монографиясын – Temple of Love кітабын шығармақ. Брендінің негізін отыз жыл бұрын құрған постапокалипсистік сән-салтанат королі әлемге өзінің сән Библиясын ұсынуға асық. Кітап Palais Galliera-дағы Rick Owens архивтеріне арналған ауқымды көрменің ашылуымен бірге жарық көрмек. Салтанатты басылым көрме инсталляциялары мен ондағы тіршілік иелерін қамтитын визуал трип іспетті. Оның кураторлар ұсынған кіріспесі мен ақырғы мәтіндері Оуэнстың ойы сән әлемі шекарасынан баяғыда шығып кеткенін түсіндіреді. Ол образдарды сәулет өнері туындыларына ұқсатып, ауыр, батыл әрі тиянақты қылып құрады. Бірлескен авторлар арасында сән тарихшылары Мирен Арсальюс пен Адександр Самсон бар.

Kiss Boots-ты киіп, Temple of Love-ты алуға асығыңыз. Сәнқойлардың жеке архивтерін толықтырар дүние.

rizzoliusa.com
IMAGE rizzoliusa.com