Қысылу, Берілгендік және Тас-талқан болған абырой — сәнді Tatler түсіріліміндегі үш түрлі жынның образы
Адамның жүрегінде үш жын бар. Олар — Қысылу, Берілгендік және Тас-талқан болған абырой. Әрқайсысы адам жаратылысының жауыз жақтарын айқындайды, әрбір ауа жұтымынан, көлеңкелердің қозғалысынан байқалады.
Жүрегі қорқынышқа толы, көзінің асты қара сүрмемен сызылған Қысылған жынның мойнына ақталмаған үміт жүгі артулы. Сыңғырлаған күміс шынжыры ғайып болған еркіндік әнін салады.
Қимылы оғаш, шашының ұйпа-тұйпасы шыққан Берілгендік — қалағанын мәңгі іздеп, есінен адасқан жын. Жасырын ынтаны айшықтайтын қара мата қараңғыда ирелеңдейді.
Тас-талқан болған абыройдың сырт-келбетінде сұлулық пен лажсыздық астасады. Тұла бойын қара қауырсын қаптайды, ал қаны қашқан беті мәңгі қайғыны бейнелейді.
