IMAGE Inclover Haute Couture Spring-Summer 2025 | Spotlight

Ықылым заманнан келе жатқан озық дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесімі: қазақстандық Inclover бренді қандай топтама ұсынды?

Inclover брендінің негізін қалаушы Ғазиза Шабдарбаева өз топтамасын алғаш рет Парижде таныстырды. Бұған дейін дизайнер Канн кинофестивалінде көрсетілім өткізген болатын. Біз Ғазизамен сұхбаттасып, оның жаңа топтамасының символикасы мен шабыт көздері туралы, көрсетілімге дайындық барысында қандай қиындықтар кездескенін және париждік көрермендердің оны қалай қабылдағанын сұрастырдық.

TAMYR атауының өзіндік мәні бар. Топтама ұлттық құндылықтар мен қазіргі заман әйелінің қажеттіліктерін үйлестіруге бағытталған.

«Бұл жинақта мен қазақтың дәстүрлі нақыштарын жоғары сәннің заманауи үрдістерімен үйлесімді етіп біріктіруді мақсат еттім. Мұрадан шабыт алу жеткіліксіз, оны жаңа контекске жаңаша бейімдеу қажет», – дейді дизайнер.

Нәтижесінде ұлттық нақышы сақталған заманауи киімдер жасалды: мерекелік киім үлгілерін еске салатын көпқабатты етегі бар көйлектер, айрықша техникамен орындалған терең мағыналы макраме-өрнектер бірден көздің жауын алады. Дизайнер кутюр эстетикасын дәстүрлі элементтермен үйлестіре алған.

Көрсетілімге дайындық қызу жүрді: маталарды таңдаудан бастап, силуэттерді пысықтау мен қолмен әрлеу жұмыстарына дейін әрбір детальға мән берілді. Топтаманың тұтас көркемдік образын жасау маңызды кезеңдердің бірі болды. Оның ішінде музыкалық сүйемелдеу де ерекше рөл атқарды.

«DJ Edigee шоуға арнап заманауи ремикс әзірледі, ол қазақтың «Ләйлім шырақ» (Шәбә Әденқұлқызы) және «Гүлдерайым» (Мерген) әндерін үндестірді», – дейді Ғазиза.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 25 Inclover Haute Couture Spring Summer 2025
Фото 2 из 25
Фото 3 из 25
Фото 4 из 25
Фото 5 из 25
Фото 6 из 25
Фото 7 из 25
Фото 8 из 25
Фото 9 из 25
Фото 10 из 25
Фото 11 из 25
Фото 12 из 25
Фото 13 из 25
Фото 14 из 25
Фото 15 из 25
Фото 16 из 25
Фото 17 из 25
Фото 18 из 25
Фото 19 из 25
Фото 20 из 25
Фото 21 из 25
Фото 22 из 25
Фото 23 из 25
Фото 24 из 25
Фото 25 из 25

Француз көрермендері топтаманың орындалу шеберлігі мен мәдени кодын жоғары бағалады. Оларға дәстүрлі элементтердің заманауи дизайнмен үйлесуі ерекше әсер қалдырды.

«Еуропалық аудитория қазақы нақыштың мағынасын түсінуге қызығушылық танытты. Бұл жаһандық нарықта сұранысқа ие болуы мүмкін. Оған қоса біздің мәдениет – сарқылмас шабыт көзі», – деп қуанышын бөлісті дизайнер.

Темы