IMAGE Instagram @dapperdanharlem

Met Gala 2025 қара нәсілді дендилердің стилін айшықтайтын Superfine: Tailoring Black Style көрмесіне арнап ұйымдастырылмақ.

Метрополитен көркемөнер музейі «жылдың ең сәнді кеші» – Met Gala 2025-ке қатысты деректерді жария етті. Дәстүрге сай, мамыр айының алғашқы дүйсенбісіне жоспарланған іс-шара Superfine: Tailoring Black Style (ағылшын тілінен аударғанда – Талғампаз: Қара стильдегі тігін тігу өнері) көрмесіне арнап ұйымдастырылмақ. Кеш дресс-коды – ерлер сәніне арналған көрменің тақырыбын айқындайтын Tailored for You (ағылшын тілінен аударғанда – Сізге арнап тігілді).

Көрме куратор Моника Л. Миллердің Slaves to Fashion: Black Dandyism and the Styling of Black Diasporic Identity (ағылшын тілінен аударғанда – «Сән құлдары: қара дендизм мен қара диаспоралық сәйкестік стилі») кітабынан шабыт ала отырып құрылған. Қара нәсілді денди стилінің түрлі аспектілерін айқындайтын 12 бөлімнен тұратын көрме XVIII ғасыр көркемөнерінен бастап қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдерді қамтымақ. Ownership (Иелену) атты бірінші бөлім XIX ғасырғы Мэрилендтегі құлдың ливреясын ұсынады. Jook 1940-шы жылдардағы «зут» костюмдерімен (штифті бар шалбар мен ұзын, қайырмасы мен иығы жалпақ пиджактан тұратын, манжеті жіңішке, белі жоғары ерлер костюмі – Tatler) таныстырып, сол кездің музыкасы мен билерін айқындайды. Cosmopolitanism (Космополитизм) Фаррел Уильямс пен Вирджил Аблоның Louis Vuitton брендіне арнап әзірлеген еңбектерін қамтиды. 2025 жылдың 10 мамырында ашылатын көрме Костюм институты тарихындағы ерлер сәніне арналған алғашқы іс-шара болмақ.

Іс-шараны Колман Доминго, Льюис Хэмилтон, A$AP Rocky, Фаррелл Уильямс және, әрине, Анна Винтур жүргізеді. ЛеБрон Джеймс құрметті төраға қызметін атқарады. Сондай-ақ көптен бері бірінші рет Андре 3000, Чимаманда Нгози Адичи, Спайк Ли және Жанель Монэ сынды жұлдыздардан тұратын қабылдаушы комитет құрылмақ.

Іс-шараға сән, өнер, спорт және саясат салаларының 450 шақты өкілі қатысады деген болжам бар. Met Gala 2025 қара нәсілді стиль мен оның әлемдік сәнге тигізген әсерін айшықтауға бағытталған мерекеге айналатын сияқты.