Заманауи әйелдің бостандығы, күші және нәзік үйлесімі Dior-дың 2025 жылғы көктем-жаз маусымына арналған кампаниясының басты тақырыбына айналды.
Dior 2025 жылғы көктем-жаз маусымына арналған жаңа кампаниясын ұсынды. Бұл жоба заманауи амазонка бейнесіне назар аударып көрмек. Креативті директор Мария Грация Кьюри сән әлеміндегі жоғары шеберлік пен спорттық стильді үйлестіретін ерекше әрі динамикалық сұлбаларды жасап шығарды. Ерлер костюмінен шабыт алған кейбір киім үлгілері Кристиан Диордың шығармашылығындағы ерекшеліктерге нұсқап тұрғандай.
Аксессуарлар атлетикалық неопоэзия бағытында: жұмсақ D-Journey сөмкесі, ыңғайлы Signature Bucket және Optical-D сандалдары мен GetDior кроссовкалары сияқты гибридті аяқ киімдер көптің қызығушылығын тудырары сөзсіз. Бұл элементтер Dior-дың заманауи, сәнді және батыл амазонка бейнесін жасағысы келгенін айқын білдіріп тұрғандай.
Суретші Сара Джонстың объективінде бұл коллекция сюрреалистік көріністер арқылы өмірге келген. Париж бақтарының стилін бейнелейтін декорациялар табиғат пен қаланың үйлесімін көрсетеді. Көкжиектегі аспанның түсі таңғы бозамықтан алагеуім сәттегі қою көкке дейін ауысып, уақыт тоқтап қалғандай әсер береді.
Бұл кампанияны заманауи әйелдің бостандығын, күшін және нәзіктігін дәріптейтін манифест деп толықтай атауға болады.