IMAGE MIU MIU SPRING/SUMMER 2025 CAMPAIGN | MIU MIU

Lyst платформасы 2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша The Lyst Indeх есебін әзірледі

Lyst – жылына 200 миллион сатып алушыға қызмет көрсететін, ауқымды деректер базасы бар халықаралық шопинг-платформа. Мамандары тоқсан сайын The Lyst Index атты ең танымал сәнді брендтер мен тауарлар рейтингін әзірлеп отырады. Негізгі факторлар ретінде іздеу сұранымдары, тауар қаралымдары, олардың сатылымдары, әлеуметтік желілерде қаншалықты жиі кездесетіні, түрлі әрекеттер және аудитория белсенділігі жөніндегі статистика қарастырылады.

2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша әзірленген The Lyst Indeх есебіне сенсек, ең танымал бренд атағы үш тоқсан бойы бірінші орыннан түспей келе жатқан Miu Miu-ге тиесілі. Осы уақыт ішінде бренд командасы Art Basel Paris-ке Tales & Tellers экспозициясымен қатысып, Upcycled жобасы мен актриса Эмма Корин қатысқан мерекелік науқанды іске қосып, Майами мен Токиода модель Джиджи Хадид пен әнші MOMO-ның қатысуымен өткен Miu Miu Select іс-шаралар сериясын ұйымдастырып үлгерді.

Үздік брендтер үштігіне және де Saint Laurent мен Prada кірді. Saint Laurent Emilia Pérez фильмі ие болған он «Алтын глобус» номинациясымен, ал Prada Axiom Space-пен біріге отырып жасаған Axiom Extravehicular Mobility Unit (AxEMU) скафандрының презентациясымен ерекшеленді. «Тез өсіп келе жатқан» брендтер қатарында Our Legacy, Demellier және Auralee болды.

The Lyst Indeх-тегі ең танымал тауар атағы Coach ұсынған Brooklyn сөмкесіне кетті. Екінші орында UGG Classic Ultra Mini Boot угги етігі тұр, үшіншіде – сұр Miu Miu флис жемпірі.