Saltburn, фронт роудағы рыцарь және «ғасырдан ғасырға жететін» сырт киім сөздерімен сипаттауға болатын Burberry-дің 2025 жылғы күз-қыс коллекциясы жалпы қалай болды?
London Fashion Week сырт киімдерімен көзге түскен тұтас Burberry коллекциясымен тәмамдалды. Креативті директор Дэниэл Ли ақырында «серпіліс алып», британ аристократиясынан шабыт ала отырып әзірленген, әсерлі коллекция ұсынды. Бұл дизайнердің Burberry-ге арнап әзірлеген соңғы көрсетілімі деген сөз де болды. Алайда бренд аясындағы болашағы жөнінде Дэниэл былай деді: «Бұл – ғажап бренд, Burberry-ге арнап жұмыс істегенімді абырой көремін».
Шоуға көптеген танымал тұлға қатысты. Алдыңғы қатарда Ким Кэтролл, Николас Холт және Орландо Блум сынды жұлдыздар болды. Алайда кештің басты жұлдызы атағын Burberry Prorsum рыцарі иемденді. Дизайнер оған Burberry креативті директоры лауазымына келе сала жан бітіріп, London in Love науқанының кейіпкеріне айналдырған болатын. Анна Винтурдың өзі сауыт киген рыцарьмен селфи жасаудан қалыс қалмады.

