Жоға, бұл жұмыс туралы хабарландыру емес. Джек МакКалло мен Лазаро Эрнандес Proenza Schouler-ден кеткенін меңзегеніміз.

Джек Макколоу мен Лазаро Эрнандес компанияның акционерлері болып қала берсе де, шығармашылық жетекшілікті жаңа тұлғаларға табыстамақ. Бұл туралы дизайнерлер Instagram парақшасында хабарлады.

Proenza Schouler бренді 2002 жылы құрылды. Оның алғашқы коллекциясы Макколоу мен Эрнандестің Parsons School of Design өнер мектебіндегі дипломдық жұмысының нәтижесі болды. Олар бұл коллекцияны аналарының қыз кезіндегі тектерінің құрметіне Proenza және Schouler деп атады. 2004 жылы Америка Модельерлер Кеңесі (CFDA) Proenza Schouler-ді саладағы көшбасшы деп мойындап, Джек Макколоу мен Лазаро Эрнандесті бірнеше мәрте «Әйелдер киімінің дизайнерлері» атағына лайық деп таныды.