Жануар кейпіндегі жан біткен пуфтар мен ересек балалар. Bottega Veneta-ның жаңа науқаны қалай болып шықты?

Bottega Veneta-ның жаңа науқанына орай жарияланған жазбада: «Summer 25 коллекциясы үйреншікті жайттарды шытырман оқиғаға айналдырады», – делінеді. Науқанға орай түсірілген видеода әдетте ойын бөлмелерінен кездестіруге болатын жануар кейпіндегі пуфтарға жан бітеді. Ал «үлкендер сияқты» офистік костюм мен әдемі көйлек киген модельдер сыр бермей, салтанат құрады.

Люкс санаты брендтерінің дәстүрі бойынша модельдер түр көрсетпеуге тырысса, мұндағы атмосфера бақыт пен қызыққа толы. Матье Блази Bottega Veneta-ға арнап жасаған соңғы коллекциясын әсерлі, ойнақы, албырт түрде әрі балаша ұсынды.

Коллекцияның қызығы көп. The Ark пуфтары оны тіпті еселей түседі. Көрсетілімге келген қонақтар коллекцияны дәл осы пуфтарға отырып тамашалады. Айтпақшы, сатылымға шығып үлгерген пуфтар болашақта коллекциялық қазынаға айналуы әбден мүмкін.