Salomon мен Maison Margiela, New Balance пен Miu Miu, AVAVAV пен adidas
Коллаборацияларды жаңашылдық емес, тиімді маркетинг тәсілі деген дұрыс. «Бір бастан гөрі екі бас жақсы» дегендей, эксперименталды серіктестіктерден бірегей коллекциялар туады. Бірі жұртты Rolex пен Domino’s сияқты таң қалдырса, екіншісі жаңа дарындарды табуға мүмкіндік ашады, ал үшіншісі табысты бизнес стратегиясына айналады. Соңғы кейстердің арасынан Nike мен SKIMS-тің коллаборациясы көзге түседі. Бұл серіктестік спорттық брендтің акцияларын қымбаттата түскен екен. Редакциямыз табыс сыры сапалы серіктестікте деп біледі. Бірнеше сәнді коллаборациялардан тұратын топтама жинадық.
Salomon x MM6 Maison Margiela
Спорт жоғары сән әлемінің есігін теуіп кірді. Коллаборация табаны жалпақ, түрлі-түсті Мэри Джейн туфлиі, баусыз кроссовка, логомания және сірісі қысқартылған аяқ киімнен тұрады.



