Schostal-дың сәнді кашемирінен бастап Le Petit Trou-дың қызықты жиынтығына дейін: қаңтардағы қарбалассыз күндерге арналған ұйқы киімдері
Корпоративтер мен жаңа жылдық кештер аяқталған соң, қаңтардағы демалыс күндерінің жайбарақат уақыты басталады. Салаттың қалғанын жеп, Netflix көруге де мінсіз пижама қажет. Schostal-дың жылы кашемиріне оранып, ұйқы әлеміне сүңгіп кетсеңіз де болады. Ал Cou Cou-дың нәзік киімдерімен сұлулықтың өзгеше реңктеріне бөленуге болатынын айта отырайық. Жылы жаққа сапарлап шыға қалсаңыз, дәл сол пижама тәулік бойы киюге жарайтын сәнді киімге айнала кетеді. Araks-тың жібек көйлекшесінде немесе Sleeper-дің әдемі жиынтығында жатын бөлмеден тыс жерлерге де шығуға болады. Осының бәрін есепке алып, сіздерге жайлылық пен стильді үйлестіретін пижамалардың әртүрлі нұсқаларын ұсынғымыз келеді.
Sleeper
Украиналық Sleeper бренді ұйқы мен шынайылық, үй мен сыртқы әлем арасындағы шекараларды жояды. Бұл пижаманы Дубайдағы бес күндік демалысқа өзіңізбен бірге ала кетуге болады. Қалада болсаңыз, пижаманың үстіне винтажды ішік пен жарқыраған берет киіп, Кэрри Брэдшоу сияқты «Армандағы ханзадаңызбен» кездесуге барыңыз.


Tekla
Органикалық мақтадан тігілген Tekla-ның еркін пошымдағы жұмсақ түсті пижамалары — мереке соңындағы көңіл күйді көтерудің тамаша тәсілі. Нағыз дзен күйін сезіну үшін Birkenstock-пен бірлесіп шығарылған жұмсақ тәпішкелерді қоса алыңыз. Кейде ешқайда шықпау — ең жақсы демалыс.