Сатылымға Мартин Маржэла жасаған 270 бұйым шығарылады.
Алдымен Джон Гальяно шығармашылық директор қызметінен кетіп еді, енді сән үйі өзінің алғашқы аукционын жариялады. Оған 1988-1994 жылдар аралығында, Мартин Маржела шығармашылық директор болған кезде жасалған 270 экспонат ұсынылады.
Айтулы шара Париж сән апталығының басталу күні – 27 қаңтарда өтеді. Көрме мен сатылымды Kerry Taylor және Maurice аукциондық үйлері ұйымдастырады. Аукционға екі күн қалғанда Париждің Вольтер бульварындағы ескі ғимаратта киім көрмесі ашылады.
Ұсынылған коллекция апалы-сіңлілі Анджела мен Елена Пикоцциге тиесілі. Олар анасы Грациелланың ізбасарлары. Коллекцияда 1988 жылы Maison Margiela сән үйінің алғашқы көрсетіліміне дейін жасалған дизайнерлік бұйымдар, SS90 киім желісі, AW 89/90 топтамасының эскиздері бар. Аукцион сәндегі деконструктивизмнің пайда болуымен танысуға және бельгиялық дизайнердің сирек кездесетін туындысын сатып алуға ерекше мүмкіндік береді.


