Луврдағы алғашқы сән көрмеcі туралы әңгімелейміз
Қаңтардың 24-і мен шілденің 21-і аралығында Луврда сән әлеміне арналған алғашқы көрме өтпек. Ауданы 900 шаршы метр алаңда жас дарындар мен әйгілі кутюрьелер ұсынған 66 киім үлгісін және 30 аксессуарды тамашалауға болады. Мари-Луиза Карвеннің еңбектеріне баса назар аударылатын секілді. 1973 жылы Carven сән үйінің негізін қалаушы мұражайға 100 XVIII ғасыр туындыларын сыйға тартқан болатын.
«Бұл – Луврдағы сән мен тарих арасындағы байланысты айқындайтын алғашқы көрме», – дейді музейдің декоративтік өнер бөлімінің директоры Оливье Габе. Оның айтуынша, бұл көрмеден кейін мұражай өкілдері мен сән индустриясы қызметкерлері өзара әрекеттесе бастайды. Дизайнерлер экспозициялардан шабыт алса, кураторлар жаңа экспонат табады.



