IMAGE Дизель

Diesel көзілдіріктерінің жаңа топтамасына бұл жолы тың серпін берген брендтің креативті директоры Гленн Мартенс болды.

EssilorLuxottica Diesel брендімен 10 жылдық лицензиялық келісім жасағаннан кейін алғашқы көзәйнектер топтамасын ұсынды. Бұл топтама Diesel мен Maison Margiela-ның креативті директоры Гленн Мартенстің басшылығымен ұсынылды. «Көзілдірік – брендтің бірегей болмысын және образдың мәнін айқындайтын ерекше категория», – деп түсіндірді Гленн.

Жаңа топтама 45 үлгіден тұрады: 14 оптикалық және 31 күннен қорғайтын көзілдірік. Әрбір модельдің бағасы шамамен 200 АҚШ долларын құрайды. Дизайн Y2K стиліне негізделген, гендерлік шектеулері жоқ. «Біз футуризмді көше стилімен үйлестірдік. Бұл Diesel-дің басты құндылықтарын – өзіндік ерекшелік пен даралықты көрсететін тосын микс болып шыға келді. Біздің батыл әрі еркін стиліміз EssilorLuxottica-ның шеберлігімен үйлесіп, көңілді әрі өжет стильге ие болды», – деді дизайнер.