IMAGE Суретші: Аружанжанова

Tatler-дің сәнді түсірілімінде Гринчтің ізбасары жаңа жылдық көңіл күйді ұрламақ болды

Біздің Tatler Lens айдары аясындағы екінші арнайы түсірілім. Мерекелік маусымда жаңа жылдық көңіл күйді ұрлаудың әккі шеберінің осы уақытта қала көшелерін кезіп жүретіні бар. Аяз Ата оған армандаған Dyson фенін тарту етпеген соң, арам ойын іске асырмақшы. Сән-салтанаты көздің жауын алар киім киіп алып, адам баласын күлкісімен баурап алатын Гринчтің ізін басқан ару жаңа жылдық кештің шырқын қалай бұзу керек екенін беске біледі. Кімкенттен келген өкпесі қара қазандай қыз енді сіздің сәнді сыйлықтарыңызды ұрлаудан тайынбайды. Ол тіпті мерекелік әшекейлеріңізді быт-шыт етіп, балалардың зімбір пірәндігін түгелдей жеп қоюы әбден мүмкін. Демек, қылмыс жасаған орнында, яғни шырша түбінде бос қораптар мен дизайнерлік туфлиінің ізі ғана қалады. Абайлаңыз, жыл бойы оның тәртібі өте нашар болды!

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Авторы

Өнер бағыты: Индира Тлегенова
Фотография: Аружан Жанова
Бейне түсіру : Тимур Омуралиев
Продюсер: Айгерим Танатар
Сет дизайн: Аделия Қуандық
Макияж: Карина Бабеджанова
Бет әрлеушінің ассистенті: Мария Величко
Шаш: Аделя Ауғанбай
Шаш: Еркежан Адаева (Ассистент)
Жарық: Лян Владислав
Стайлинг : Жәнел Сәрсенбаева (Nail styling)
Стайлинг : Зарина Файздрахманова
Модель : SYSTEM Agency
Киім: MOT Concept Store
Модель : Талғат Адина

Темы