IMAGE skims.com

Шымбұлақ, Гудаури сияқты тау-шаңғы курорттары топтамасын жасап, онда демалғанда киюге болатын костюм таптық

Қыс келді, тауға қар түсті, адамдар балконда жатқан шаңғысын іздей бастады. Адреналин ләззаты мен après-ski гламурына бөленіп, таза ауа жұту үшін қайда баруға болады? Таяу шетел курорттары топтамасын жинап, оларға сай келетін сәнді образ тауып қойдық.

Тау бөктері қар басқан подиум деуге де болады. Шаңғы тебетін адамның киімі әрі жайлы, әрі әсерлі болуға тиіс. Кез келген жағдайда, тіпті ауа температурасы нөлден төмен болғанда да әдемі киінуге болады емес пе?

Шымбұлақ

Қазақстан

Алматыдан 25 минут жерде Іле Алатауы етегінде орналасқан ғажап курорт — Шымбұлақ тұр. Мұнда демалғанда карамель түстес Chanel комплектін кисеңіз болады. Жағасы аппақ, сырмалы күрткесі менен белі жоғары шалбары 70-шы жылдардағы тау-шаңғы спорты кезеңін еске салады. Демалысыңыз одан әрі жайлы өтсін десеңіз, ішінен Skims x The North Face бодисьютін киіп алуға болады. Ал футуристік Chanel көзілдірігі таулы жердің ащы күнінен қорғап, образыңызды заманауи қылады. Тау бөктерін бағындыруға да, панорамалық террасада кофе ішіп, демалуға да жарайтын комплект.

Tatler Asia

Гудаури

Грузия

Грузия тауларында, аты аңызға айналған Гудаури бөктерінде, Кавказдың сүттен ақ шыңдары арасында ерекше көзге түсетін Balenciaga total black образын қарастырып көруге болады. Көлемді, қара түсті Balenciaga мамық күрткесі мен қонымды tech-шалбар бір-бірімен үйлесе кетіп, мінсіз силуэт сыйлайды. Образды одан әрі әсерлі қыламын десеңіз, оны қара түсті Fuzzz баллон белдемшесімен толықтырыңыз. Әрине, авангардты тау-шаңғы образын толықтыру үшін The Row балаклавасы мен күнге киетін Bottega Veneta көзілдірігі қажет.

Tatler Asia

Эрджиес

Түркия

Каппадокия маңында Эрджиес тау-шаңғы курорты бар. Мұнда шаңғы тебуге шоколад түстес әрі монохромды Skims x The North Face образы әбден жарайды. Жайлы après-ski демалысы қажет болса, образды Moncler Grenoble ұсынған «қар адамының» тері етігімен толықтыруға болады.

Tatler Asia

Қаракөл

Қырғызстан

Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан, табиғи қалпын сақтаған Қаракөл бөктерінде Prada Linea Rossa костюмін киген жөн. Технологиялық комбинезон ыңғайлы да сән-салтанаты жарасқан. Адам ізі түспеген қарда сырғанауға лайық костюм. Ал «құлақшасы» бар Ambush балаклавасы минималистік образды мінсіз әрі дара етеді. 

Tatler Asia

Амирсой

Өзбекстан

Амирсой атты заманауи тау-шаңғы кешені Ташкент қаласынан екі сағат жерде орналасқан. Мұндағы жоғары дәрежелі қызмет әсерлі тау көрінісімен ұштасып жатыр. Ерекше орамалмен толықтырылған алқызыл түсті IENKI IENKI комплекті классикалық тау-шаңғы эстетикасын «жарға жығады». Ал Bogner брендінің массивті бәтеңкесі образыңызға бейнебір қайрат пен бағлан мінез сыйлары сөзсіз.

Tatler Asia

Темы