Парижде Louis Vuitton 2025 жылдың күзіне арналған ерлер киімдерінің сәнді көрсетілімін өткізді.
Louis Vuitton Париждегі сән апталығында 2025 жылдың күзіне арналған ерлер коллекциясын ұсынды. Креативті директор Фаррелл Уильямс өзінің көптен бергі досы әрі серіктесі Нигомен осы топтаманы бірге жасап, оны қысқа да нұсқа Remember the Future (Болашақты есте сақта) деп атады.
Шоу Луврда өтті, онда 84 сәнді образ ұсынылды. Фаррелдің фирмалық денди эстетикасы мен Нигоның workwear стилі шебер үйлестірілген. Көрсетілімде жапон денимі көптеп пайдаланылып, жаңа ButterSoft кроссовкаларының силуэті таныстырылды. Ал көрсетілім соңы дәстүрлі классикалық костюмдермен аяқталды. Аксессуарлар да ерекше болды: лобстер пішініндегі сөмкелер, нәзік қызғылт рюкзактар және денимнен жасалған «дәрігер» сөмкелері көрермен көзайымына айналды.
Louis Vuitton-ның архивтік заттары мен дизайнерлердің жеке коллекцияларынан қойылған витриналар ерекше көзге түсті. Бұл заттардың көбін таяуда өтетін Joopiter аукционынан сатып алуға болады.