IMAGE H&M

Бұдан былай H&M науқандары аясында модельдердің цифрлық «көшірмесі» қолданылмақ

Швециялық H&M компаниясы 2025 жылы 30 модельдің цифрлық «көшірмесін» жасайтынын мәлімдеді. Цифрлық егіздер маркетинг науқандары аясында және әлеуметтік желілерде қолданылмақ. Виртуалды көшірмелерге деген құқықтарды модельдердің өздері иеленеді. Сондай-ақ олар өздерінің виртуалды көшірмелерін басқа брендтерге, соның ішінде H&M-нің бәсекелестеріне де қолдануға бере алады.

H&M егіздерін жасау үшін модельдерді жан-жақты фотоға түсіріп, меңінен бастап жүріс-тұрысына дейінгі ерекшеліктерінің бәрін жазып алады. Жобаның технологиялық серіктесі – Uncut компаниясы ақпаратты өңдеуге атсалысады. Цифрлық егізге ие болған алғашқы модель Вильма Шеберг былай дейді: «Бейне менікі, бірақ мен емеспін. Жігітімнің өзі фото мен көшірмені ажырата алмай қойды».

«Цифрлық егіздер – модельдер үшін жаңа табыс көзі. Ақысы қазіргі келісімшарттарға сай төленеді», – дейді H&M бизнес әзірлеушісі Луиза Лундквист. Компания бұл тәжірибенің мамандарға қалай әсер ететінінен бейхабар екенін мойындайды. H&M-нің айтуынша, модельдерді цифрлық егіз жасау үрдісіне тарту олардың құқықтары мен жұмыс орындарын сақтауға көмектеседі. Алайда фотографтар, визажистер және стилистер ЖИ-дың қарқынды дамуы жобалардың азаюына, дәстүрлі фотосессияларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін екенін алға тартады. Визажист Мэри Ирвин алаңдаушылығын былай деп білдірді: «Түсірілімдер ЖИ-дың көмегімен жасалса, сән образдарын бірігіп жасау процесін қалай сақтап қалуға болады?» Model Alliance ұйымының өкілі Сара Зифф: «[Модельдер] іссапар шығындары азайып, көбірек табыс таба ма, әлде өздері барып қатыспағаны үшін азырақ таба ма?» – дейді, мысалы.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 6
Фото 2 из 6
Фото 3 из 6
Фото 4 из 6
Фото 5 из 6
Фото 6 из 6

H&M цифрлық егіздерді алдымен әлеуметтік желілерде жарияламақ. Бейнелерде олар «ЖИ көмегімен жасалды» деп таңбаланады. H&M-нің бас креативті директоры Йорген Андерссон: «Технология бәріне әсер етеді. Барлық салдарын білеміз демейміз, алайда біз оны сынап көруіміз керек», – дейді. H&M технология және адам мүдделерін тоғыстырып, индустрияға үлгі көрсеткісі келетін көрінеді. Әзірше Black Mirror сериалының жаңа эпизодына көбірек ұқсайтын сияқты, сірә.

Темы