Ғашық болған жанға сөздің еш қажеті жоқ. Ғашықтар күніне арналған сыйлықтар топтамасын жинадық
Әулие Валентин күні берілетін сыйлықтар мәнді, ортақ естеліктерге деген нұсқауларға толы болуы керек. Оларға кейпімен-ақ ыстық сезімге бөлейтін, кішкентай ғана махаббат тұмарлары деп қараған жөн. Сіздерге арнап Әулие Валентин күні беруге болатын сыйлықтар топтамасын жинадық. Оларға қалауыңызша мән дарытып, махаббат жырын жырлаңыз.
Frederic Malle ұсынған Portrait of a Lady парфюмі
Парфюмер Доминик Ропион Portrait of a Lady хош иісін Генри Джеймстің аттас романынан шабыт ала отырып жасаған екен. Композицияның негізі түрік раушаны бұрын соңды болмаған концентрацияда ұсынылған. 100 мл әтірге 400 гүл қолданылған. Парфюмерлік шедеврдің атмосферасы түнгі романтикалық кездесуге, күміс қасықтардың сыңғырына, бір-біріне еш ұқсамайтын жандардың жүздесуіне саяды. Мұндай хош иісті байқап сыйлаған дұрыс, себебі романның басты кейіпкерінің тағдыры қайғылы.

Екі адамға арналған We’re Not Really Strangers карта ойыны
Сүйіктіңізді қаншалықты жақсы білесіз? We’re Not Really Strangers карта ойыны сезімдеріңізді сынап көруге мүмкіндік береді. Мұны ойнау үшін ұзақ уақыт бірге болу шарт емес. Жаңадан қосылған жұптар бір-бірін жақсырақ тани алады, ал уақыт сынына шыдаған жандар махаббаттың жаңа шыңын бағындырады.


&Klevering ұсынған Wavy Pink жақтауы
Сәнді жақтауға салынған ортақ фотодан артық махаббат естелігі бар ма? Жұмыс үстеліңізге қойып, көзіңіз түскен сайын сүйіктіңізді еске алып отырыңыз.

Локеті бар Marland Backus алқасы
Сүйіктіңіздің фотосуретін жүрегіңіздің маңында сақтасаңыз болады. Marland Backus-тың интерпретациясы қызық: махаббатыңызды әрдайым еске салып отыратын, жүрек пішініндегі ашық алқа.

Lego ұсынған Botanicals жинағы
Еш солмас Lego гүлі жүрегіңіздегі махаббаттай мәңгі болады. Ал гүлдеген алхоры бүршік жарған қарым-қатынасыңыздың символына айналады. Ең бір үрейлендіріп, толқытатын ғашықтық кезеңіне қадам басқан жұптарға арналған мінсіз сыйлық.

Bvlgari ұсынған Serpenti Cuore 1968 сөмкесі
Ерекше әйелге арналған сәнді сыйлық. Жүрек пішініндегі Serpenti Cuore 1968 сөмкесі – қайта туу, шексіз метаморфоза символы. Мұндай сыйлықпен сіз: «Сүйіктім, екеуіміз ылғи да қайта жолығып отырамыз», – дейсіз.

Andy Warhol: Love, Sex, and Desire кітабы
Энди Уорхол – қарама-қайшы эмоция тудыратын тұлға. Оның өнері не ұнайды, не жеккөрінішті көрінеді. Оған немқұрайды қарау мүмкін емес. Andy Warhol: Love, Sex, and Desire кітабында суретші 50-ші жылдардағы пуритандық атмосферадағы махаббат және ынтызарлық тақырыптарын батыл ашады. Бұл сыйлық жазушы Джерри Штальдің сөзін сөйлейді: «Мен білмейді деп ойлайтын әрбір сырыңды сүйемін. Сенің ең күңгірт, маған ғана мәлім жақтарыңды сүйемін».


Avgvst айналма сақинасы
Осы ерекше күні сүйіктіңізге сөз салу үшін жасалған сақина. Ақ алтыннан жасалып, гауһар таспен әрленген айналма сақина – ең мықты махаббат символы. Сүйіктіңіз «Иә!» дері анық.


