IMAGE Суретші: Данияр Сәрсеев

Мерекелік ғажайып пен сән-салтанаттың театрландырылған хикаясы: Tatyana Yan-ның шектеулі топтамасы неден сыр шертеді?

Жаңа жыл қарсаңында Tatyana Yan театр тақырыбынан шабыттанған шектеулі сән коллекциясын ұсынды. Бұл топтаманың хикаясы сахнаның күрең қызыл шымылдығынан бастау алады. Одан соң жарық пен көлеңке арасында үйлесім тауып, қара түсті графикалық қиықтары бар ашық көйлектен бастап, қауырсындармен әрленген нәзік алқызыл образға дейін түрлі стильдерді ұсынады. Әр көйлектің дизайны қайталанбас өрнектермен безендірілген. Мысалы, қолмен тігілген бисер, devoré жібек матадан жасалған рюшалар және күміс сипатты металл элементтер жарқырап, көздің жауын алады. 

«Біз жай ғана мерекелік образдар жасаған жоқпыз, сонымен қатар әдемі фильмнің кейіпкері болу мүмкіндігін сыйлағымыз келді. Құдды бір аңыз кейіпкерінің жарқыраған бейнесін киімге телігендей болдық», – дейді Татьяна.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Авторы

Дизайн  

Татьяна Ян

Фотография  

Данияр Сарсеев

Модель   

Инки (Bacca Models)

Макияж  

Балнур Дарбаева

Орналасқан жері  

Фото студия: ОКО

Темы