Style|Fashion

Луврдағы алғашқы сән көрмеcі

Автор Анель Танкибаева
16.01.2025
Unsplash | Daniele D'Andreti
IMAGE Unsplash | Daniele D'Andreti

Луврдағы алғашқы сән көрмеcі туралы әңгімелейміз

Қаңтардың 24-і мен шілденің 21-і аралығында Луврда сән әлеміне арналған алғашқы көрме өтпек. Ауданы 900 шаршы метр алаңда жас дарындар мен әйгілі кутюрьелер ұсынған 66 киім үлгісін және 30 аксессуарды тамашалауға болады. Мари-Луиза Карвеннің еңбектеріне баса назар аударылатын секілді. 1973 жылы Carven сән үйінің негізін қалаушы мұражайға 100 XVIII ғасыр туындыларын сыйға тартқан болатын.

«Бұл – Луврдағы сән мен тарих арасындағы байланысты айқындайтын алғашқы көрме», – дейді музейдің декоративтік өнер бөлімінің директоры Оливье Габе. Оның айтуынша, бұл көрмеден кейін мұражай өкілдері мен сән индустриясы қызметкерлері өзара әрекеттесе бастайды. Дизайнерлер экспозициялардан шабыт алса, кураторлар жаңа экспонат табады.

Instagram @muselouvre
IMAGE Instagram @muselouvre
Луврдағы алғашқы сән көрмеcі
Луврдағы алғашқы сән көрмеcі
Луврдағы алғашқы сән көрмеcі

Көрменің ашылуына орай Париж сән апталығы барысында музейде қайырымдылық кеші өтеді. Наурыздың 4-не жоспарланған. Мұражай өкілдеріне сенсек, кеш аясында қазірдің өзінде бір миллион еуро жиналған. Қаражат Лувр Музейін дамытуға жұмсалады.