IMAGE Боттега Венета

Луиза Троттер Bottega Veneta cән үйінде Матье Бласидің орнын басты. Су жаңа креативті директор туралы не білуіміз керек?

Луиза Троттер Bottega Veneta-ның креативті директоры болып тағайындалып, Матье Блазидің орнын басты. Троттер өз жұмысын 2025 жылдың қаңтарында бастайды. Ұлыбританиядан шыққан ол Ньюкасл политехникалық университетінде маркетинг және дизайн мамандығы бойынша білім алған. Тәжірибесі мен еңбек жолы fashion-индустрияның әртүрлі сегменттерін, масс-маркеттен бастап люкс брендтерге дейінгі ауқымды қамтыған. Сол жолдағы басты кезеңдерге тоқталсақ:

1.

Троттер мансабын британдық Whistles брендінде бастап, қарапайым қызметкерден дизайн және сатып алу жөніндегі директор лауазымына дейін өскен.

2.

2000 жылдардың басында Троттер Нью-Йоркте Gap брендінің әйелдер киімі дизайны бойынша вице-президент қызметін атқарды. Бұл кезеңде бренд 90-шы жылдардың соңындағы Everybody in Khakis жарнамасынан соң, үлкен жетістікке жеткен еді.

3.

2014 жылы Троттердің жетекшілігімен Joseph бренді Лондон сән апталығында әйелдер коллекциясын таныстырып, жоғары бағаға ие болды.

4.

2018 жылдың қазанында Луиза Троттер Lacoste брендінің тарихындағы алғашқы әйел креативті директор атанды. Ол брендтің символы болған қолтырауын логотипін жаңаша кейіпте ұсынып, стильдендірілген және үлкейтілген нұсқаларын жасап шығарды.

5.

2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін Троттер Carven-нің креативті директоры болды. Осы уақытта ол төрт коллекция ұсынып, брендтің бес жылдық үзілістен кейін сән әлеміне қайта оралуына зор ықпал етті.