IMAGE Фотограф: Дима Рязанов

Сүт, қуаты біткен құлаққап және ыдыс жуу. Модель Эрик Ильин нені жақсы көреді, ал нені жек көреді?

Кейіпкерлеріміз өздерінің сүйікті ісі не әлдебір ерекше ұнататын заттары туралы баяндап, жек көретін он нәрсесін тізіп шығатын Love/Hate айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі қонақ – модель Эрик Ильин (кейде бұл айдарымыз тек модельдерге арналған ба деп те ойлап қаламын). 19 жастағы Эрик биыл Миланда Versace көрсетілімінде дебют жасап, халықаралық сән әлеміне алғаш қадам басты. Біз Эрикті Париж сән апталығының қақ ортасында, Casa Blanca және Lacoste үшін подиумға шығып жүрген кезінде жолықтырдық. Ол өзінің Love/Hate тізімін тікелей көрсетілім алдындағы бэкстейджде отырып құрастырды.

Жақсы көремін:

  1. Күн шуағын;
  2. Ас дайындағанды ұнатамын. Әсіресе дәмді тағамды асап-асап жегенді жақсы көремін (әрқашан);
  3. Кешкісін өтетін көрсетілімдерді, себебі ертесіне таңғы бесте тұрудың қажеті жоқ;
  4. Кезекті бір елге ұшатын болсақ, тікелей рейстің болғанын;
  5. Жақындарыма қоңырау шалып, қатысқалы жатқан көрсетілім немесе жұмысым туралы айтқанды;
  6. Киіп келген киімімді мақтағанды;
  7. Судан гөрі сүт ішкенді;
  8. Дүкендегі қарапайым азық-түлікке қомақты ақша жұмсалмауын;
  9. Тұрақсыздыққа налитыным бар, бір жағынан, бұл жай өзіме ұнайды, ал жағдайым тұрақталған кезде бірқалыпты жай-күйден шаршағаныма қынжыламын;
  10. Айналамдағыларға күлімсірей жүре, шуақ шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлағанды.
Tatler Asia
IMAGE Суретші: Дима Рязанов

Жек көремін:

  1. Жолға жиналғанды;
  2. Ұдайы бірдеңені тосу, күту жағдайында болғанды;
  3. Бэкстейджде тек вегандық тамақ беріліп, еттің болмағаны;
  4. Жаңбырды;
  5. Жапон тағамдарын;
  6. Күшті опшендердің іске аспай қалғанын*;
  7. Менен нені жек көретінімді сұрағанда (бұл мен үшін тіптен қиын сұрақ);
  8. Музыкасыз жұмыс істегенді/оқығанды;
  9. Құлаққап қуатының бітіп қалғанын;
  10. Айтпақшы, ыдыс жуудан артық жек көретін нәрсем жоқ шығар бұл өмірде!
     
    *Опшендер – танымал брендтен түскен қызықты жұмысқа ұсыныс немесе ауқымды жоба.

 

Темы