Банан, аниме, дизайнерлік аяқ киімнің қажауы. Әли Данияровтың біз білмейтін қырлары қандай?
Бізде Love/Hate атты жаңа айдар. Форматы қарапайым: әр шығарылымда кейіпкерлеріміз сүйікті және жек көретін нәрселерін атап шығады. Бүгінгі кейіпкеріміз – модель Әли Данияров. Жасы небары 19-да болғанымен, ол Fendi, Loewe, Prada және Sacai көрсетілімдерінде подиумға шыққан. Әли өзі сүйетін және жек көретін он нәрсенің тізімін бөлісті.
Ұнатамын:
- Brawl Stars ойынын;
- Шоуларда маған берілетін луктарды;
- Анимені;
- Анамды;
- Бэкстейджде тек су мен тәттілер емес, дені дұрыс тамақтың болғанын;
- Брендтердің модельдерге сыйлық беретіні (Мысалы, Loewe логотипі бар майка сыйлады, ал Fursac – бет күтіміне арналған жиынтық пен лонгслив тарту етті);
- Әлемді аралап, сән индустриясындағы қызықты шығармашылық адамдармен танысуды;
- Банандарды;
- Шоудың кешікпей, уақытында басталуын;
- Көрсетілімнен кейін миллиондаған папараццидің күтіп тұрғанын.

Жек көремін:
- Дизайнерлік аяқ киімнің қажауын (оларды бұласырмен жасырып әлек боламыз);
- Бір рет ноунейм шоуға қатысып, өзін керемет санайтын тәкаппар модельдерді;
- Шоудың бір сағатқа кешіктірілуін;
- Миға қонымсыз сұрақтарды, мысалы:
«Көрсетілімнен кейін сол киімдерді сізге бере ме?» – миф.
«Бұл сән көрсетілімдерінің пайдасы қандай?»
«Сіздерге қанша төлейді?» - Шоу кезінде шаш үлгісін өзгертуді;
- Стилистің жейдемді шалбарға өзі салып беруін;
- Кастингідегі ұзын-сонар кезекті (кейде жаңбыр астында бір сағат күтіп, кастинг-директордың алдына бір минутқа ғана шығасың, сондағы еститін жауабың біреу: «Келесі!»);
- Теңіз өнімдерін;
- Ыдыс жууды.