Бьянка Цензори қызыл кілемге жалаңаш шыққан сәт тарихта қалатыны сөзсіз
«Жалаңаш көйлек» – Laquan Smith, Gucci, Saint Laurent және басқа да брендтердің көрсетілімдерінен байқалатын өзекті трендтердің бірі. Алайда Йенің (Канье Уэст) әйелі Бьянка Цензори бұған тым қатты беріліп кеткен секілді. 67-ші «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімінде ол тәнін жан-жақты көрсетті.
Цензори іс-шараға ұзын, қара түсті тері пальто киіп келіп, қызыл кілемге жеткенде оны тастай салды. Ішінен аса қысқа әрі жеңіл көйлек киген екен, ішкиім жоқ. Әшекейсіз образды минималды макияж бен қарапайым сандал толықтырды. Шашын артқа тарап, сәндеген Цензоридің жанында қап-қара киім киіп, гауһартасты алқа таққан Йе тұрды.
Картина Vultures 1 альбомының мұқабасына келеді. Ондағы Back to me трегінде Йе былай дейді: «Beautiful, Big-Titty, Butt-Naked Women Just Don't Fall Out The Sky (ағылшын тілінен аударғанда – Сұлу, алып төсті, жалаңаш әйелдер аспаннан түспейді)». Ғалам Йенің арманын орындап, оған дәл сондай бір сұлуды кездестірген секілді.


Интернетті «жарып жіберген» жұп рәсімге шақырусыз келген екен. Іс-шарадан сәлден кейін кетуге тура келгенімен, елді шулатқан сәт тарихқа еніп үлгерді. 2000 жылғы «Грэммиге» жасыл Versace көйлегін киген Дженнифер Лопес те, 1962 жылы моншақпен әрленген қонымды көйлек киіп, Happy Birthday, Mr. President әнін шырқаған Мэрилин Монро да ұқсас әсер қалдырған еді.
Бұған дейін «жалаңаш көйлек» әйелдер күші мен сексуалды еркіндік символы рөлін атқарса, Бьянканың қылығы – алаңдатарлық жайт. Жаным, көмек керек болса, көзіңді бір ашып-жұмшы, жанкүйерлерің Хэллоуин кезінде бір қиналатын болды – мұндай образды тек өжет жандар ғана қайталай алар.