IMAGE Louis Vuitton

Louis Vuitton сән үйі мен Такаши Мураками бірлесіп тың топтама ұсынды

Жылды Tакаси Мураками мен Louis Vuitton бірлескен топтамасының қайта шығарылуымен бастап отырмыз. Осы орайда 3 қаңтарда әлемнің жеті қаласында pop-up дүкендер ашылатынын еске саламыз. Онда жаңа заттарды сатып алуға және ескі бұйымдарды тегін жөндетуге болады. Сеулде бұйымдармен қатар балмұздақ сатылып, фото booth орнатылады. Миланда 2002 жылы сән үйі мен суретші жасаған Superflat Monogram және Superflat First Love атты мультфильмдер үлкен экраннан көрсетіледі. Pop-up дүкендер Лондон, Нью-Йорк, Токио, Шанхай және Сингапурда да ашылады.

Екінші топтаманың шығуы наурыз айына жоспарланған. 200-ден астам бұйым арасында жібек орамалдар, әшекейлер, әтірлер, кроссовкалар және скейтбордтар бар.

Louis Vuitton кеңесінің төрағасы Пьетро Беккари топтаманың қайта шығарылуын винтаж және секонд-хенд стилінің танымал болуымен түсіндірді. «Біз 2002 жылғы коллаборациямен таныс емес, бірақ біздің жұмысымызды ұнататын ұрпаққа жүгінгіміз келді», — дейді Беккари. Ал топтаманың бет-бейнесі Зендея болды. «Мен осы жаңа топтаманың жанкүйерлері мен амбассадорлары 20 жылдық ынтымақтастықпен бірге өскендер болады деп үміттенген едім», — деп ағынан жарылды Такаси Мураками. Жарнама науқаны 2024 жылдың желтоқсанында басталып, бренд инфлюенсерлерге сыйлықтар жіберіп, әлеуметтік желілерде актрисаның коллекциялық сөмкемен түскен суреттері жиі-жиі жарияланды.