Жаһандану мен жаңа трендтер субмәдениет, көше сәні және люкс әлеміндегі шекараларды бұзып келеді

Қазіргі таңда адамның киіміне қарап оның қандай да бір субмәдениетке не мамандыққа қатысын аңғару қиын. Адамдар ұнаған киімдерін киіп, ережелерді мүлде сақтамайтын болды. Сондықтан киім брендтері де креативтілік танытып, жаңа заман талабына бейімделуге мәжбүр. Жұмыс киімі жоғары сән санатына еніп, көше стилінің айрықша элементтері күнделікті әрі қарапайым образдардың ажырамас бөлігіне айналғанын да байқауға болады. Брендтердің позицияларын өзгертіп, маркетинг пен дизайнға жаңа көзқараспен қарап, жаңа шынайылыққа қалай бейімделіп жатқаны туралы әңгімелейміз.

Жайлылық пен сенімділікке деген сұраныс

Business of Fashion мен McKinsey-дің жыл сайын жүргізетін зерттеуінің мәліметінше, қоғам қазір киімнің қолайлылығы мен жайлылығына көбірек назар аударады. Бұл үрдістің негізгі қозғаушы күштері — белгісіздік пен пандемия.

Материалдарының төзімділігі, жайлылығы және ерекше дизайнының арқасында outdoor киімдері заманауи қажеттіліктерді қанағаттандыратын, таптырмас гардероб элементіне айналды. Өзектілігін сатылымдарының пандемия басталғаннан бері 24%-ға өсуіне қарап білуге. Атауы Normcore (күнделікті киім) және g.o.r.p (good ol' raisin peanuts – табиғатқа шығуға арналған тағам) ұғымдарының бірігуінен шыққан gorpcore стилі осылайша пайда болды. Бұл стильге сәйкес, outdoor киімін табиғатқа шыққанда да, күнделікті өмірде де кие беруге болады. Су өткізбейтін Arc'Еeryx, The North Face күрткелері, сондай-ақ хайкингке арналған Salomon аяқ киімдері арнайы киім болуды қойып, қалалық сәнқойлардың «хайпқа толы» гардероб элементтеріне айналды.

Бұл үрдісті байқаған outdoor брендтері еш саспай, қалалық өмірге де жарамды өнім шығара бастады. Киімнің функционалдығы сол қалпында қалды. Мысалы, Salomon Maison Margiela-мен бірге коллекция жасады, ал исландиялық 66°North бренді бұрынғы Louis Vuitton дизайнерін креативті директор қылып, жұмысқа алды. Burberry мен Balenciaga да gorpcore стиліндегі күртке мен аяқ киім шығарып, назардан тыс қалмады.

Кей стильдер мен брендтердің тіпті жанкүйерлері пайда бола бастады. Мысалы, бұған дейін киімді тек байкерлерге арнап тіккен Chrome Hearts бренді қазір жұлдыздар, әсіресе рэперлер арасында өте танымал. Chrome Hearts коллекционерлері әдетте қайсыбір субмәдениетке емес, брендке деген сүйіспеншілігімен танылады.

Tatler Asia
Salomon x Maison Margiela
IMAGE Salomon x Maison Margiela
Tatler Asia
Salomon x Maison Margiela
IMAGE Salomon x Maison Margiela
Salomon x Maison Margiela
Salomon x Maison Margiela

Жұмыс киімі тренді

Dr. Martens-ті ең танымал workwear бренді деуге болады, трендке жақында ғана енді. Бастапқыда компания outdoor өндірушілері секілді бір ғана нақты аудиторияға бағытталған бренд еді. Алайда өсіп келе жатқан танымалдылық брендті жаңа аудиторияға қарай бейімделуге мәжбүрледі.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 2 Dr. Martens
Фото 2 из 2 Dr. Martens
Dr. Martens
Dr. Martens

Жұмыс киімінің танымалдығына оның түрлі субмәдениеттер арасында кеңінен таралуы себеп болды. Имиджін өзгертіп, өндірісін кеңейткен компаниялардың бірі Dr. Martens болды. Компанияның £2 тұратын сапалы аяқ киімдері 60 жылдары брендті британдық жұмысшылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Ска, скинхед және панк мәдениеттерінің пайда болуымен бренд одан әрі танымал болып, олардың эстетикасының ажырамас бөлігіне айналды. Sex Pistols, The Clash секілді топтардың жанкүйерлері кумирлеріне еліктеп, Dr. Martens бәтеңкесін киюді армандайтын. Бүгінде бренд панк мәдениетінен алыстап кетті. «Мартендерді» әр түрлі жастағы, әлеуметтік топтағы, мәдениеттегі және субмәдениеттегі адамдардың аяғынан көруге болады. Сонымен қатар Dr. Martens Rick Owens, Marc Jacobs, A-COLD-WALL сияқты сән дизайнерлерімен, брендтермен бірге жұмыс істейді.

Тағы бір жарқын мысал – алғашында АҚШ теміржол жұмысшыларына арналған униформа бренді ретінде ойластырылған Carhartt бренді. Компания әлі күнге дейін «көк жағалыларға» арналған жұмыс киімін (мықты комбинезондар, қызуға шыдамды күрткелер және т.б.) шығарады. Алайда 80 жылдары Carhartt көше бандалары мен майда есірткі сатушылар арасында танымал бола бастады. Мұның сыры киім матасының төзімділігі мен қалыңдығында еді. 90 жылдардағы хип-хоптың алтын дәуірінде Carhartt брендінің танымалдығы тіпті өсе түсті. Carhartt киімдерін 2Pac, Big Pun, Джейми Фокс, Майк Тайсон сияқты жұлдыздардың үстінен көруге болатын еді. Carhartt танымалдығының екінші толқыны Еуропада ашылған, streetwear бағытындағы Carhartt WIP бөлімшесіне тиесілі еді. Жаңа дүкеннің ашылуы брендтің шетелде де танымал болуына әкеп соғып, пайданы бірнеше есе өсірді.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 2 Carhartt WIP Archives
Фото 2 из 2 Carhartt WIP Archives
Carhartt WIP Archives
Carhartt WIP Archives

Workwear стилінің кеңінен таралуына шалбарлардың, футболкалардың және аксессуарлардың төзімділігіне қызыққан скейтбордшылар үлкен үлес қосты. Мысалы, бүгінде Carhartt және Dickies брендтерінің скейтбордингке арналған коллекциялары мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған, үздік спортшылардан тұратын командалары бар. Скейтбординг, субмәдениет ретінде, люкс сегментінде де жоғары сұранысқа ие. Gucci, Burberry және басқа да сән үйлері жиі танымал скейтбординг брендтерімен және скейтбордшылармен серіктестік құрып жатады. Мысалы, Louis Vuitton Люсьен Кларкпен бірлесе отырып кәсіби аяқ киім шығарса, Comme des Garçons Rassvet брендіне қолдау көрсеткен болатын.

Люкс, стритвир, жұмыс киімі және басқа да стильдердің арасындағы шекаралар күннен-күнге байқалмай барады. Брендтер жаңа аудиторияға бейімделіп, позициясын нарық қажеттіліктеріне қарай түбегейлі өзгерте алатын болды. Workwear киімін қазір рэперлер де, скейтбордшылар да кие береді. Трекингке арналған аяқ киімді де тек тауға шығатындар ғана емес, сондай-ақ қала орталығындағы сәнді кофеханаларда эспрессо-тоник ішетін адамдар да киетін болды. Заманауи сәнде бірде-бір ереже қалмады — адамдар киімді қандай да бір топқа жататынын айқындау үшін емес, өзін-өзі көрсету құралы ретінде пайдаланады.

Темы