IMAGE Gaurav Gupta Haute Couture Spring Summer 2025

Valentino, Jean Paul Gaultier және Gaurav Gupta – Париждегі кутюр Сән апталығында үшінші күні ұсынылған үздік коллекциялар

Жоғары сән апталығының үшінші күні Алессандро Микеле мен Valentino және Людовик де Сен-Сернен мен Jean Paul Gaultier жұптары сынды дебюттерге толы болды. Тағы бір көзге түскен жан  – Гаурава Гупта. Алапат өрттен аман қалған ол о дүниеге сай деуге парапар, ғажап кутюр коллекциясын ұсынып, өмірге қайта келгендей болды.

Valentino

Алессандро Микеленің Valentino үшін дайындаған топтамасының дебюті дәл біз ойлағандай – дене қызуы 38-ге жеткенде көретін түстей бас айналдырарлық болды. Аты да затына сай – Vertigineux. Дизайнердің 200 беттен тұратын ескертпесіне сенсек, коллекция Умберто Эконың «Бас айналдырарлық тізімінен» шабыт ала отырып жасалған екен. Шоу айбынды Броньяр Сарайында өтті. Қонақтар ұзын қара сахнаның үстіне құрылған трибунаға жайғасты. Подиумның артындағы алып LED экранға дизайнерге шабыт беретін фразалар шығып отырды. Бұл ақпараттық құйынды көрген қонақтардың басы айнала түскені анық. Шоу мәресіне жете бергенде драмаға толды: модельдер қатты соққан желге қарамай, Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасынан» алынған «Рыцарьлар биі» шығармасының ырғағына қосыла отырып подиум кезді.

«Эко «бас айналдырарлық тізімді» жайдан-жай қойған жоқ. «Тағысын тағы» деп аяқтай салуға сәл-ақ қалғандай әсер сыйлайтын жойқын күшпен, тынымсыз түрде әрі зығырданды қайнататындай етіп айтылып жатқан сөздердің ықпалымен туындайтын сезімге бөлеуді мақсат тұтты. Дәл осы «тағы да басқа» сәл кідіріп, әрі шексіз, әрі шектеуге келмейтін нәрсеге жетелейтін сияқты. Жалпы бас әрбір атау әрекетінің аяқсыз қалатындығынан, әрбір шекті объектінің шексіздікке деген ұмтылысынан айналады», – делінеді дизайнердің ескертпесінде.

«Сауысқанға тән ерекшелік» пен мәдени эрудицияға ие дизайнер мен 80 үздік мастерден тұратын ателье шын мәнінде ерекше топтама жасай алды. Бірқатар тарихи сілтеме, Valentino дәстүрі және Микеленің сұлулыққа деген заманауи көзқарасының синтезі. Шоуды ашушы образ жиналған тюльден жасалған арлекин оюымен әрленген, алып кринолин белдемшесі бар көйлек болды. Оны қолдан тігуге 1 300 сағат кеткен екен. Аристократтық гламур стиліндегі кей образдар Ескі дүниеден қалған майлы бояумен салынған портреттерге келеді. Алессандро Микеленің Valentino үшін жасаған дебюттік коллекциясы – кутюр декаденттігі мен драмадан шыққан эстетикалық жарылыс. Бренд тарихының жаңа, шулы, романтикалық дәуірі. 

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 47 Valentino Haute Couture Spring Summer 2025
Фото 2 из 47
Фото 3 из 47
Фото 4 из 47
Фото 5 из 47
Фото 6 из 47
Фото 7 из 47
Фото 8 из 47
Фото 9 из 47
Фото 10 из 47
Фото 11 из 47
Фото 12 из 47
Фото 13 из 47
Фото 14 из 47
Фото 15 из 47
Фото 16 из 47
Фото 17 из 47
Фото 18 из 47
Фото 19 из 47
Фото 20 из 47
Фото 21 из 47
Фото 22 из 47
Фото 23 из 47
Фото 24 из 47
Фото 25 из 47
Фото 26 из 47
Фото 27 из 47
Фото 28 из 47
Фото 29 из 47
Фото 30 из 47
Фото 31 из 47
Фото 32 из 47
Фото 33 из 47
Фото 34 из 47
Фото 35 из 47
Фото 36 из 47
Фото 37 из 47
Фото 38 из 47
Фото 39 из 47
Фото 40 из 47
Фото 41 из 47
Фото 42 из 47
Фото 43 из 47
Фото 44 из 47
Фото 45 из 47
Фото 46 из 47
Фото 47 из 47

Gaurav Gupta

Гаурав Гуптаның жаңа кутюр коллекциясы – жан мен тәннің рухани сауығуы. Былтыр маусымда дизайнер мен оның жан серігі, ақын Навкират Содхи алапат өрттен аман қалған болатын. Апаттан болған жарақатының кесірінен Гупта өзінің күзгі коллекциясын Парижге апара алмай қалған. Содхидің денесінің 55%-ын күйік шалса, Гуптаның қолына зақым келді.

«Навкират бүгінгі шоуымызды ашпақ. Ол тыртықтанған денесін жасырмайды және біз осы шоу арқылы күйік шалған, қышқылдан зардап шеккен жандардың проблемаларын көрсеткіміз келеді. Батылдық және махаббат хикаясын баяндаймыз», – дейді дизайнер.

Шоу кейіпкерлері о дүниеден келгендей әсер қалдырды, коллекцияның өзі де мифтік сипатқа ие болды. Көйлектер санскрит тіліндегі мантра салынған жаккардпен әрленді. Жындардан қорғайтын символдар рөлін құйма металдан жасалған, кеудеше және жартылай маска пішініндегі алтын детальдар атқарды. Фирмалық әшекей бұйымдар индуистік рухани тәжірибеден келген чакраға ұқсағандай көрінді. Гупта қолданған қою күлгін және көк реңктер адам мен жаратушы күш арасындағы байланысты бейнелейді: «Бұл түстер сауығу барысында денемізден тыс шыққанда алған тәжірибемізді айқындайды».

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 42 Gaurav Gupta Haute Couture Spring Summer 2025
Фото 2 из 42
Фото 3 из 42
Фото 4 из 42
Фото 5 из 42
Фото 6 из 42
Фото 7 из 42
Фото 8 из 42
Фото 9 из 42
Фото 10 из 42
Фото 11 из 42
Фото 12 из 42
Фото 13 из 42
Фото 14 из 42
Фото 15 из 42
Фото 16 из 42
Фото 17 из 42
Фото 18 из 42
Фото 19 из 42
Фото 20 из 42
Фото 21 из 42
Фото 22 из 42
Фото 23 из 42
Фото 24 из 42
Фото 25 из 42
Фото 26 из 42
Фото 27 из 42
Фото 28 из 42
Фото 29 из 42
Фото 30 из 42
Фото 31 из 42
Фото 32 из 42
Фото 33 из 42
Фото 34 из 42
Фото 35 из 42
Фото 36 из 42
Фото 37 из 42
Фото 38 из 42
Фото 39 из 42
Фото 40 из 42
Фото 41 из 42
Фото 42 из 42

Jean Paul Gaultier

Людовик де Сен-Серненнің Jean Paul Gaultier үшін жасаған дебюттік Le Naufrage (француз тілінен аударғанда – Кеме апаты) коллекциясынан Готьенің театрлық және арандатушыл коды байқалады. Шебер гендер жағынан флюидті әрі еліктіргіш кутюр коллекциясын жасай алды. Коллекция брендтің кеме апаты, сиреналар және теңізшілердің образдарын ұштастырған теңіз ДНҚ-сына негізделген. Шоу айқай мен күн күркіреуінен басталды. Модельдер сенімді әрі көрерменді елірте өнер көрсетіп, атмосфераны жандандыра түсті.

Де Сен-Сернен теңіз тақырыбын детальдар арқылы аша білді. Мысалы, модельдердің шашы су болып көрінді, көйлектері арқан элементтері бар желкенге ұқсас болды, ал образдары апатқа ұшыраған кеменің мүк басқан қалдықтарын еске салды. Сондай-ақ топтамада кеме силуэтіндегі бас киім болды. Готьенің 1998 жылдың көктеміндегі Les Marquis Touaregs коллекциясында да дәл осындай бас киім бар еді. Де Сен-Серненнің еңбегі Готьенің фирмалық элементтерін көшірді дегеннен гөрі дамытты деген дұрыс. Людовиктің сезімталдыққа, жеңіл матаға және корсетке деген махаббаты Jean Paul Gaultier-нің ойнақы рухына жараса кетті.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 30 Jean Paul Gaultier Haute Couture Spring Summer 2025
Фото 2 из 30
Фото 3 из 30
Фото 4 из 30
Фото 5 из 30
Фото 6 из 30
Фото 7 из 30
Фото 8 из 30
Фото 9 из 30
Фото 10 из 30
Фото 11 из 30
Фото 12 из 30
Фото 13 из 30
Фото 14 из 30
Фото 15 из 30
Фото 16 из 30
Фото 17 из 30
Фото 18 из 30
Фото 19 из 30
Фото 20 из 30
Фото 21 из 30
Фото 22 из 30
Фото 23 из 30
Фото 24 из 30
Фото 25 из 30
Фото 26 из 30
Фото 27 из 30
Фото 28 из 30
Фото 29 из 30
Фото 30 из 30

Темы