Pradа брендінің «Жазғы күндер» деп аталатын жаңа жарнамалық науқанында Кендалл Дженнер, Хантер Шафер мен Трой Сиван бой көрсетеді.

Дәл қазір Милан көшелерінде серуендеп жүріп, Prada дүкендерінен қайық көріп қалсаңыз, сатып алуға тырыспаңыз. Ол интерьердің бір бөлігі ғана. Сән үйінің жаңа топтамасы италиялық ағаш қайықтарды жарнамалық науқанның негізгі элементі етіп алған. 

Айтпақшы, топтама «Жазғы күндер» деп аталады. Ал оны жарнамалайтын фотосуретке Кендалл Дженнердің қалай түскенін көрдіңіз бе? Жуырда ғана Versace-ні сатып алып, акцияларының құнын бірнеше есеге қымбаттатқан компанияның сөмкесін құшақтамағанда қайтесің?! Ал нәзік түсті қайық пен тынық судың үйлесімін Фердинанд Вердери бастаған шығармашылық топ «тереңдік пен шексіз мүмкіндігіңді сезіну, жаздың алаңсыз шаттығы» деп түсіндіреді. Суреттегі киімдерде қала мен теңіз түйіскендей: ресми мен жеңіл образдың элементтері қатар қолданылып, күйбең тіршіліктің қармағынан қашып құтылғандай әсер қалдырады. 

Tatler Asia
IMAGE Prada
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Жарнамалық науқанға қатысқан актерлік құрамда Джулия Нобис, Лина Чжан, Джузеппе Чирилло, Гидеон Адни, Никита Гнетнев, Нур Хан, Мелинда Кисс, Ханна Лешек, Юлиана Перес және Лю Цинчжэн сияқты сәнгерлер де бар.